2022 жылдың 7 желтоқсанында Вена Дипломатиялық академиясы, Халықаралық қатынастар және тұрақты даму орталығы, Қазақстан Республикасының Австрия Республикасындағы Елшілігінің ұйымдастыруымен «Central Asia: the Age of Reforms» халықаралық конференциясы өтті. Конференцияға ҚСЗИ Халықаралық зерттеулер бөлімінің басшысы Айдар Құрмашев қатысты.
Талқылаудың маңызды тақырыптарының бірі – Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси реформалар, Орталық Азияның әлеуметтік-экономикалық дамуы, сондай-ақ еуропалық инфрақұрылымдық және гуманитарлық жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері.
Конференция қатысушылары аймақ дамуының негізгі үрдістері және Еуропа мен Орталық Азия елдері арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту жолдары туралы пікір алмасты. Сарапшылардың пікірінше, сараптамалық диалогты дамыту тараптардың ұстанымдарын түсінуді кеңейтуге, ортақ мүдделердің нақты бағыттары бойынша ынтымақтастық мәселелерін егжей-тегжейлі пысықтауға мүмкіндік береді.