15 шілдеде Қытайдың Сиань қаласында Қытайдың Адам құқықтарын дамыту қорының ұйымдастыруымен «Қытай–Орталық Азия» адам құқықтарын дамыту форумы өтті.
Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының Азиялық зерттеулер бөлімінің бас сарапшысы Алишер Тастенов форумда сөз сөйлеп, соңғы жылдары Қазақстанда адам құқықтарын қамтамасыз ету бағытында жүзеге асырылған реформалардың жетістіктеріне тоқталды. Атап айтқанда, ол құқықтық институттарды нығайту және азаматтық қоғамды шешім қабылдау процесіне тартуға бағытталған жаңа заңдардың қабылдануын ерекше атап өтті.
Іс-шара биыл маусым айында Астанада өткен екінші «Орталық Азия–Қытай» саммитінен кейінгі әріптестікті тереңдетудің қисынды жалғасы болды. Форумға 60-тан астам адам – саясаткерлер, сарапшылар, адам құқықтары жөніндегі мекемелердің, бұқаралық ақпарат құралдарының және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.
Қатысушылар Қытай мен Орталық Азия елдері арасындағы адам құқықтары саласындағы өзара іс-қимылды тереңдету, құқық қорғау бастамаларын ілгерілету және ортақ тағдыр қауымдастығын қалыптастыруға жәрдемдесу мәселелерін талқылады.
Бұған дейін 2023 жылғы қыркүйекте Бейжіңде және 2024 жылғы мамырда Астанада «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясында адам құқықтарын дамытуға жәрдемдесу» және «Қытай–Орталық Азия тағдырлас қауымдастығын қалыптастыру: адам құқықтарын дамытудың жаңа перспективалары» тақырыптарында екі форум өткен болатын.

