Skip to content
Басты бет » ҚСЗИ сарапшысы Назарбаев Университетінің халықаралық конференциясына қатысты

ҚСЗИ сарапшысы Назарбаев Университетінің халықаралық конференциясына қатысты

Назарбаев Университетінің 15 жылдық мерейтойы аясында ағымдағы жылдың 15-17 қараша аралығында «Voices at the Margins: Rethinking Gender, Labor, and Belonging» халықаралық ғылыми конференциясы өтті. Іс-шараны профессор Шумайла Юсуфзайдың академиялық жетекшілігімен Жоғары бизнес мектебінің кәсіпкерлік орталығы ұйымдастырды. Шара Gender, Work & Organizations журналымен бірлесіп жүзеге асырылды. Бұл журнал – гендерлік зерттеулер мен ұйымдастырушылық мінез-құлық саласындағы жетекші әлемдік басылымдардың бірі (SCOPUS Q1, top10%). 

Конференция жұмысына ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының бас ғылыми қызметкері профессор Айгүл Забирова қатысып, «Теңдік пен мойынсұнушылық арасында: Қазақстандағы амбивалентті модернизм» баяндамасын ұсынды.  Конференция қорытындысы бойынша А. Забированың жұмысы жоғары бағаланып, аналитикалық тереңдігі мен халықаралық зерттеу диалогын дамытуға қосқан үлесі үшін Best Paper Award марапатына ие болды.

Конференцияға қазақстандық қатысушылардан басқа Ұлыбритания, ГФР, Финляндия, Болгария, Үндістан, Әзербайжан, Ресей және Өзбекстан ғалымдары, сондай-ақ Gender, Work & Organization журналының екі редакторы қатысты. Олардың қатысуы академиялық сараптама мен пікір алмасудың жоғары деңгейін қамтамасыз етті.

ҚСЗИ-дың осындай ғылыми алаңдарға қатысуы халықаралық байланыстарды нығайтуға, зерттеу стандарттарын арттыруға және отандық зерттеулерді жаһандық деңгейде ілгерілетуге ықпал етеді. ҚСЗИ халықаралық академиялық қоғамдастықта қазақстандық аналитиканың қатысуын күшейте отырып, өз қызметкерлерінің халықаралық ғылыми конференцияларға қатысуын қолдауды жалғастырады.