Skip to content
Басты бет » ҚСЗИ жанындағы Өңірлік сарапшылар кеңесі әлеуметтік-экономикалық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады

ҚСЗИ жанындағы Өңірлік сарапшылар кеңесі әлеуметтік-экономикалық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтында (ҚСЗИ) өңірлік сарапшылар кеңесінің онлайн-отырысы өтті. Жиын барысында еліміз үшін маңызды әлеуметтік-экономикалық мәселелер қаралды.

Іс-шараны ҚСЗИ директорының орынбасары, саяси ғылымдар бойынша PhD Алуа Жолдыбалина жүргізді.

Кеңес құрамына еліміздің барлық өңірлерінен келген тәуелсіз сарапшылар енген. Олардың қатарында экономика, денсаулық сақтау, білім беру, экология, дін, этносаралық қатынастар, тіл саясаты және жастар ісі салаларындағы тәжірибелі мамандар бар.

Сарапшылардың пікірлері өңірлердегі ахуалды кешенді әрі объективті бағалауға жол ашады. Олардың белсенді қатысуы нақты қоғамдық сұраныстарды ескеретін тиімді шешімдер әзірлеуге мүмкіндік береді.

Отырыс қорытындысы бойынша өңірлік сарапшылар кеңесінің мүшелері қаралған мәселелер бойынша бірқатар нақты ұсынымдар әзірледі.