2024 жылғы 25 қараша күні ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры Еркін Тұқымов Еуропалық Одақтың Орталық Азия жөніндегі арнайы өкілі Тери Хакаланың 2021 жылдан бері қызмет атқарып келе жатқан миссиясының аяқталуына орай қоштасу қабылдауына қатысты.
Еркін Тұқымов Хакала ханымға ЕО-ның Орталық Азия жөніндегі арнайы өкілі ретіндегі жұмысы кезіндегі ынтымақтастығы үшін алғыс айтып, оның Еуропалық Одақ пен Орталық Азия елдері, оның ішінде Қазақстан арасындағы әріптестікті нығайтуға қосқан елеулі үлесін атап өтті. Бұл ынтымақтастық өңірдің қауіпсіздігі мен дамуын нығайту жолындағы маңызды қадам болғанына назар аударды.
Сондай-ақ, ол 2023 жылдың шілдесінде институт ұйымдастырған Орталық Азиядағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық форумы аясындағы бірлескен жұмысы үшін ерекше ризашылығын білдірді.
ҚСЗИ директоры болашақ ынтымақтастықтың бүгінгі таңда қаланған негізі Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы одан да тығыз өзара әрекеттестікке ықпал ететініне сенім білдіріп, Тери Хакалаға өңірлер арасындағы сенім мен өзара түсіністікті нығайтуға қосқан жеке үлесі үшін алғысын айтты.