ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры Еркін Тұқымов Орталық Азиядағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық форум аясында шетелдік делегаттармен және CAF қонақтарымен бірқатар кездесулер өткізеді. Мәселен, бүгін директордың кестесі журналистермен кездесуден басталды.
Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының қатарында Бельгия, ҚХР, Сауд Арабиясы, Ресей, Сингапур, Түркия және Өзбекстаннан келген ірі басылымдардың тілшілері мен редакторлары бар. Қонақтар форумға ақпараттық қолдау көрсету үшін арнайы келді. ҚСЗИ директоры Еркін Тұқымов еліміздің жетекші «ақыл-ой орталығының» қызметі мен жобалары туралы айтып, алдағы форумнан не күту керек екендігін атап өтті.
«Қазақстанға, біздің форумға, әлемнің 25 елінен сарапшылар келеді. Олардың басым бөлігі Қазақстанда бұрын болмаған. Форум тақырыбы «Өзгермелі әлемдегі Азия: болашақтың күн тәртібі» болғандықтан, қонақтардың басым көпшілігі Азиядан келеді. Сондай-ақ делегаттар қатарында АҚШ, Еуропа және Ресей өкілдері де бар. Болашақта Азия елдерімен қарым-қатынасты қалай құру керектігі туралы айтып, бейбіт әрі тұрақты болашақты қалай құруға болатындығын талқылаймыз», – деді ҚСЗИ директоры.
Журналистер өз кезегінде ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының тарихына және Орталық Азия форумының өзекті тақырыптарына қызығушылық танытты. Сонымен қатар өңірдегі геосаяси ахуал мен көрші елдермен ынтымақтастық мәселелері қарастырылды. Еркін Тұқымов Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізіп жатқан саяси реформалар еліміздің сыртқы саясатында шешуші рөл атқаратын іргетас екенін атап өтті. «Біздің теңдестірілген сыртқы саясатымызда көршілермен қарым-қатынас шешуші рөл атқарады. Бүгінде Қазақстан да бір бөлігі болып табылатын орта және шағын елдердің маңызы артып келеді», –деді ол.
Іс-шара қорытындысы бойынша кездесу қатысушылары іс-шараның маңыздылығы мен өзектілігін атап өтті.