Конкурстық комиссияның шешімімен Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының «Қазақстан: дамудың сын-қатерлері мен шешу жолдары» жас сарапшыларды қолдау бағдарламасының қорытындысы шығарылып, ҚСЗИ грантының 9 иегері анықталды.
- Абуова Динара Ғалымжанқызы
- Әбдіразақов Нұржан Мұхтарұлы
- Диханбаева Динара Сейтханқызы
- Дуйсенов Куатбек Конысбайулы
- Жунусова Айгерим Кайратовна
- Затилла Нұрдәулет Жомартұлы
- Каримова Маншук Саматовна
- Тлеубаева Камиля Канатовна
- Ханафия Мәди Омарбекұлы
ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ Жас сарапшыларды қолдау бағдарламасын 2022 жылы жас зерттеушілер мен дарынды сарапшылардың бастамаларын қолдау мақсатында, сондай-ақ сарапшылар қауымдастығын қалыптастыру, нарықтағы маңызды және қажетті мәлімет жинау мен талдау жұмысын ұйымдастыру мақсатында жүзеге асырды.
Бағдарлама саяси зерттеулер, әлеуметтік зерттеулер, халықаралық зерттеулер, экономикалық зерттеулер бағыттары бойынша білім беру және ғылыми-зерттеу модульдерінен тұрды. Бағдарлама кезеңдерінің нәтижесі бойынша финалистер топтық және жеке талдамалық баяндамалар дайындады. Байқауға өткен 20 қатысушыдан 9 финалист іріктелді.