16 қарашада Астана қаласында Қазақстанның болашақ келбетіне және алдағы жеті жылдың басым реформаларына арналған Стратегиялық бастамалар форумы өтті.
2022 жылдың басынан бері Қазақстанда болып жатқан өзгерістер айқын болмаса да, түбегейлі және қайтымсыз болуы мүмкін. Бұл экономикаға айтарлықтай әсер ететін және бұрын қолданыста болған көптеген тетіктер мен құралдарды жоққа шығарып отырған саяси либерализациямен байланысты.
Қазіргі таңда Қазақстан және оның әрбір азаматы үшін «мүмкіндіктер жолы» ашық. Трансформацияға дайын болған кезде сол мүмкіндіктер пайдаланылуы мүмкін және пайдаланылуы тиіс. Бұл «Қазақстан-2029» келбетінің табысты болуына тікелей әсер етеді. Бүгінгі форумның барлық сессиялары да осыған арналады.
ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директоры Еркін Тұқымов «Болашақтағы геосаяси жағдайлар жобасы» атты екінші панельдік сессияға қатысты. Өз сөзінде ол зияткерлік күш-жігерді біріктіріп, әлем елдерін зерттейтін орталықтарды, оның ішінде Орталық Азия бойынша зерттеу орталығын құру қажеттігін атап өтті.