Skip to content
Басты бет » 2022 жыл терең трансформацияның негізін қалады

2022 жыл терең трансформацияның негізін қалады

Айта кету керек, 2022 жыл Қазақстан үшін барлық жағынан оңай болған жоқ – ел бұрын-соңды болмаған ішкі саяси сынақтарға, төтенше экономикалық жағдайларға және күрделі сыртқы саяси жағдайға тап болды. Сонымен қатар, өткен жыл барша қазақстандықтар үшін терең өзгерістерге дайындықтың өзіндік сынағы және жаңарған Қазақстан үшін символдық бастау болды. Бұған дейін қазақстандық қоғамда елімізде жүргізіліп жатқан саяси-экономикалық реформаларға қатысты белгілі бір сенімсіздік білдіріліп, мемлекетіміздің өз мүддесін қорғай алмайтыны т.б. айтылса, өткен жыл керісінше олай емес екендігін көрсетті. Біз бірлікке қабілетті екенімізді, саналы таңдау жасай алатынымызды, егемендігіміз бен тәуелсіздігімізді қорғауға, әділетті қоғам құруға және жаңартылған жолымен алға басуға дайын екенімізді дәлелдедік. Халық Президент Қ.Тоқаевқа сенім білдіріп, Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізу жөніндегі референдумда және президенттік сайлауда оның реформалар бағдарламасын қолдап, одан әрі қайта құруларды жүзеге асыруға толық мандат берді.
Таңдалған бағытқа сәйкес 2023 жылы біз бірқатар экономикалық реформаларды жүзеге асыруымыз қажет. Жасыратыны жоқ, соңғы екі-үш жылда экономика іс жүзінде «қол режимінде» басқарылды, ал экономиканың табысты жұмыс істеуі жақсы жұмыс істейтін тетіктерді қажет етеді және көп жағдайда жұмыс істеп тұрған институттардың тиімділігіне байланысты. 2022 жылы басталған саяси реформалар экономиканы жаңғыртып, әл-ауқатты арттыратын жаңа экономикалық саясатты жүзеге асырудың берік негізін қалады.
 
Әсел Әбен, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ Алматы қаласындағы Өкілдігінің басшысы