Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты жас мамандарды 2025 жылға арналған Жас сарапшыларды қолдау бағдарламасына қатысуға шақырады.
Егер сіз – жас әрі жігерлі зерттеуші болсаңыз және еліміздің өңірлерінің дамуына үлес қосуды қаласаңыз – бұл мүмкіндікті жіберіп алмаңыз!
Бағдарлама тақырыбы – «Қазақстан өңірлерінің экономикалық және әлеуметтік дамуының жаңа көкжиектері».
Өтінімдер 2025 жылғы 7 сәуір мен 30 мамыр аралығында қабылданады.
Төрт апта бойы қатысушыларды қазақстандық және шетелдік сарапшылардың қатысуымен өтетін қарқынды оқу бағдарламасы: тренингтер, семинарлар, мастер-класстар, сондай-ақ менторлық қолдау күтеді.
Оқу кезеңінен кейін қатысушылар уәждемелік эсседе көрсетілген тақырып бойынша жеке аналитикалық баяндама дайындайды. Бұл жұмыс менторлардың сүйемелдеуімен жүзеге асырылады.
Дайын баяндамалар конференция форматында қорғалады. Конференция қорытындысы бойынша электронды жинақ жарық көреді.
Бағдарлама онлайн форматта да өткізілетіндіктен, бұл еліміздің кез келген өңірінен қатысушыларға тұрғылықты жеріне қарамастан қатысуға тамаша мүмкіндік.
Бағдарлама финалистеріне берілетін ынталандырулар:
- 500 000 теңге көлеміндегі грант
- ҚСЗИ кадрлық резервіне енгізілу
Құжаттарға қойылатын талаптар мен нысандар туралы толық ақпарат ҚСЗИ ресми сайтында қолжетімді.
Өтінімдер қайда жіберіледі?
granty.kisi2025@gmail.com
Өтінімдер саны шектеулі!