Skip to content
Басты бет » 3 ақпанда Санат Көшкімбаевтың кітабының таныстырылымы өтеді

3 ақпанда Санат Көшкімбаевтың кітабының таныстырылымы өтеді

2023 жылғы 3 ақпанда Астанада халықаралық қатынастар саласының белгілі маманы, саяси ғылымдарының докторы Санат Көшкімбаевтың кітабының таныстырылымы өтеді.

«Казахстан и Центральная Азия между вызовами из прошлого и грядущего» кітабында автордың әр жылдары отандық және шетелдік басылымдарда жарияланған мақалалары, баяндамалары мен сұхбаттары жинақталған. Шараға танымал саясаттанушылар, дипломаттар, БАҚ өкілдері қатысады.

 Өтетін орны: Астана қ., Бейбітшілік көш., 4, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ.

Іс-шараның басталуы: 11.00, тіркеу: 10.30.

БАҚ өкілдерін аккредиттеу сұрақтары бойынша 8 708 765 6198 нөміріне хабарласуға болады.