Skip to content
Басты бет » БРИКС елдерінің Талдау орталықтарының ынтымақтастық жөніндегі Қытай Кеңесінің өкілдерімен кездесу

БРИКС елдерінің Талдау орталықтарының ынтымақтастық жөніндегі Қытай Кеңесінің өкілдерімен кездесу

Кездесу барысында ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының және БРИКС елдерінің Талдау орталықтарының ынтымақтастық жөніндегі Қытай Кеңесінің зерттеушілері Қазақстан мен Қытай сарапшылары арасындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.

БРИКС елдерінің Талдау орталықтарының ынтымақтастығы жөніндегі Қытай Кеңесі BRICS Think Tank Council (BTTC) – БРИКС елдерінің ұлттық үйлестірушілерінің өзара іс-қимылына арналған халықаралық платформа шеңберінде құрылды. Алаңның мақсаты – жетекші сарапшылар, ғылыми қоғамдастық өкілдері және бірлестікке қатысушы бес елдің зерттеу орталықтары арасында пікір алмасу. Бүгінгі таңда Кеңестің қызметі БРИКС шеңберінен шығып, әлемнің басқа академиялық топтарымен байланыс орнатуда.

Қытай делегациясының сапарының мақсаты елдер арасындағы, оның ішінде өңірлік бірлестіктер шеңберіндегі сараптамалық өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру бойынша диалогты нығайту және пікір алмасу болды. БРИКС елдерінің талдау орталықтарының ынтымақтастық жөніндегі Қытай кеңесінің бас директоры Цзинь Синь өзі басқаратын ұйымның қызметі және БРИКС-тің академиялық және сараптамалық топтарының ынтымақтастығы туралы айтты.

Кездесуге қатысушылар Қазақстан мен Қытайдың екіжақты қарым-қатынастарын, оның ішінде «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясында талқылады.