Skip to content
Басты бет » ҚСЗИ-да Эстония Елшісімен кездесу

ҚСЗИ-да Эстония Елшісімен кездесу

2024 жылғы 4 қазанда ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ-да директор Еркін Тұқымовтың Эстонияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі мырза Яап Ора жетекшілік еткен Эстония делегациясымен кездесу өтті.

Қатысушылар Қазақстан мен Эстония арасындағы интеллектуалды және аналитикалық ынтымақтастықтың перспективалары туралы бірнеше өзекті мәселелерді талқылады.

Директор Е. Тұқымов сараптамалық диалогты және екі елдің аналитикалық құрылымдары арасындағы өзара әрекетті қалыптастырудың маңызды екенін атап өтті. Елші Яап Ора Таллин мен Астананың аймақтық процестерді жақсы түсіну және қалыптасып келе жатқан тенденцияларды зерттеу мақсатында пікір алмасу процесін бастауға тиісті екенін білдірді.

Тараптар Қазақстан мен Эстония арасындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге, сондай-ақ екіжақты қатынастардың мәдени-гуманитарлық бағыты бойынша білім алмасу тәжірибесін қалыптастыруға дайындықтарын білдірді.