Республика күніне арналған сөзінде Президент Қ.К.Тоқаев азаматтық бірегейлікті дамыту және азаматтық қоғамның рөлін күшейту әртүрлі сын-қатерлер алдында халықтың бірлігін көрсететін маңызды процесс екенін атап өтті. Қазақстан халқы сыни жағдайларда бірігу және бір-бірін қолдау қабілеттерін дәлелдеп келеді, әсіресе бұл соңғы жылдары ерекше байқалады. Белсенді топтар гуманитарлық жинақтарды ұйымдастырып, әлеуметтік мәселелерді шешу үшін азаматтарды жұмылдырып жатыр.
Көктемгі су тасқыны мемлекеттік аппараттың, бизнестің, белсенділердің, еріктілердің және қарапайым азаматтардың зардап шеккен аймақтарға көмек көрсету үшін қалай біріккенін айқын көрсетті. Осы ынтымақтастықтың нәтижесінде 2700-ге жуық үй салынып, 6 мыңға жуық үй сатып алынды, сондай-ақ 9 мың отбасыға өтемақы төленді. Ынтымақтастық пен өзара көмек қазақ мәдениетінің негізінде жатқан қағидаттар.
Тарихи тұрғыдан алғанда қазақ жерінде ерікті көмек пен қолдаудың сан алуан түрлері болған, ол бүгінгі күнге дейін жалғасып келеді. Асар, аманат сияқты дәстүрлер өзара көмек көрсету жүйесінің негізін құрайды десе болады. Асар, яғни ұжымдасып көмекке келу, Қазақстандағы волонтерлік қызметтің әлеуметтік және мәдени тамырын түсіну үшін маңызды.
Бұл дәстүрлер қиын жағдайларда және күнделікті өмірде көмек көрсетуге бағытталған заманауи бастамаларда көрініс табуда. Екібастұздағы төтенше жағдай, Абай және Қостанай облыстарындағы орман өрттерінің салдарын жою кезінде ерекше байқалды.
Өзара қолдау және жақындарына көмек көрсетуге ұмтылыс азаматтық бірегейлікті дамыту және азаматтық қоғамды нығайту үшін берік негіз қалыптастырады. Бұл үрдістер әсіресе Республика күні аясында өзекті болып отыр, өйткені ел өз халқының жетістіктері мен қиын сәттерде бірігу қабілетін атап өтеді.
Өзара қолдау және басқаларға көмектесуге ұмтылу азаматтық бірегейлікті одан әрі дамыту және азаматтық қоғамды нығайту үшін берік негіз құрайды. Республика күні қарсаңында халықтың жетістіктері мен бірігу қабілетін ерекше атап кеткен жөн.
Гүлназ Қасымова, Қоғамдық пікірді зерттеу бөлімінің бас сарапшысы