Skip to content
Басты бет » Президенттің бағдарламалық сұхбаты: болашаққа бағдар

Президенттің бағдарламалық сұхбаты: болашаққа бағдар

Ел президенті екінші жыл қатарынан жылды бағдарламалық сұхбат арқылы қорытындылап отыр, бұл еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды дәстүрге айналып келеді. Бұндай формат дамудың стратегиялық бағыттарын белгілеуге, жетістіктерді атап өтіп, болашаққа арналған жоспарларды белгілеуге мүмкіндік береді.

Сұхбат қарапайым азаматтармен қатар сарапшылар қауымдастығына да елдің даму траекториясын нақты түсінуге, сенім мен тұрақтылық сезімін нығайтуға мүмкіндік береді. Негізінде, бұл Мемлекет басшысының атқарылған жұмыстарды қорытындылайтын, ағымдағы жағдайды барабар қабылдауын көрсететін есеп берудің бір кезеңі іспетті. Сонымен бірге ол негізгі әлеуметтік-экономикалық, саяси және ең бастысы, құндылық-идеологиялық бағыттарды қамтитын болашақ дамудың тірек нүктелерін белгілейді.

Сұхбаттың мазмұнына тоқталсақ, инфрақұрылымды жаңғырту, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығын дамыту, әлеуметтік төлемдерді арттыру, сондай-ақ білім, ғылым және мәдениетті қолдау сияқты бірнеше маңызды жайттарды атап өтуге болады. Сонымен қатар, Президент мемлекетті нығайту үшін терең реформалар жүргізу, экономикалық даму мен әлеуметтік бағдарламалар арқылы әрбір қазақстандықтың әл-ауқатын қамтамасыз ету, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту сияқты ел дамуының негізгі қағидаттарына ерекше тоқталып отыр. Экологиялық дүниетанымды қалыптастыруға, жастарды отансүйгіштік пен жасампаздық рухында тәрбиелеуге, сондай-ақ бірлік пен әділеттілік құндылықтарын насихаттауға ерекше көңіл бөлінген.

Маңызды бағыттардың бірі – цифрландыру және инновацияларды енгізу болмақ. Болашақ прогрестің негізі ретінде қарастырылатын жасанды интеллектті дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Жаһандық технологиялық трендтерді ескеретін болсақ, бұл бағыт уақтылы көтерілген мәселе болмақ. Сарапшылардың ЖИ шешімдері қаржыдан медицинаға дейінгі негізгі салаларды өзгертеді деп болжайды. Ірі компаниялар қазірдің өзінде жұмысын оңтайландыру үшін ЖИ кеңесшілерін белсенді түрде енгізуде. Денсаулық сақтау саласында ЖИ ауруларды ерте диагностикалау және робототехника арқылы медициналық кадрлардың тапшылығымен күресу үшін қолданылатын болады.

Nvidia және Apple сияқты ірі компаниялар тіл үлгілерін интерпретациялауға арналған шешімдерді енгізу және иммерсивті технологияларды дамыту арқылы нарықтағы позицияларын нығайтуда. Осы орайда Alem.AI халықаралық жасанды интеллект орталығының ашылуы және KazLLM қазақ тілінің үлкен тілдік моделінің бірінші нұсқасының жасалуы орынды болды.

Осылайша, Президенттің бағдарламалық сұхбаты атқарылған жұмыстардың есебі ғана емес, еліміздің одан әрі дамуының маңызды бағдарына айналады. Басымдықтардың нақтылығы, реформалар мен инновацияларға баса назар аудару және негізгі құндылықтарға көңіл бөлу тұрақты өсудің берік негізін құрайды.

Үрпекова Амина, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ Өңірлермен жұмыс жөніндегі бөлім басшысының м.а.