Қазіргі таңда, бірнеше ұрпақ бейбіт аспан астында өсіп, соғыстың ауыртпалығын білмеген кезде, соғыстың қасіретін есте сақтау өте маңызды. Және кейінгі ұрпақ үшін өз өмірін қиғандардың барлығын еске алу өте маңызды.
Өйткені бұдан өтпеген адамдарға жаңа соғыстарды бастау және оған қатысу өте оңай…
Кез келген соғыста әрбір тарап жеңілген болып саналады, себебі әскерилердің де, бейбіт тұрғындардың арасында да құрбан болған адамдардың саны өте көп. Бір де бір соғыстың астарында жақсы, жағымды нәрсе жоқ.
Сол себепті 9 мамыр мен Жеңіс шеруі – бір елдің немесе бір халықтың мерекесі емес, бұл өз елін, Отанын, халқын қорғаған барлық қаза тапқан адамдарға деген құрмет. Қазақстандықтар барлық майдандармен қатар шайқасты. Мәскеу үшін шайқасқа 8-ші гвардиялық Панфилов дивизиясымен қатар 238-ші атқыштар дивизиясы, 75-ші теңіз атқыштар бригадасы, 312-ші атқыштар дивизиясы, 387-ші Перекоп атқыштар дивизиясы, Ленинград маңында 310-шы және 314-ші дивизиялар қатысты (олардың барлығы Қазақстанда құрылған).
Кеңес Одағы Батырларының арасындағы 528 адам – қазақстандықтар. 110 мың қазақстандық Даңқ орденімен марапатталды. Бұл – қатардағы әскери қызметшілер, сержанттар мен старшиналар, ал авиацияда кіші лейтенант атағы бар адамдар жеке еңбегі үшін марапатталған орден.
Қазақстанның әр қаласында Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Нұркен Әбдіров, Рақымжан Қошқарбаев және басқалардың аттарымен аталған көшелер бар. Әрбір қазақстандық 28 панфиловшы-батырларының ерліктерін біледі және есінде сақтайды деп сенгім келеді.
Қазақстан Президентінің Мәскеуге сапары, Жеңіс күнінің 78 жылдығына арналған әскери шеруге қатысуы, Белгісіз солдаттың қабіріне және Кеңес сарбазының Ржев қаласындағы мемориалына гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысуы – бұл барлық қаза тапқан жауынгерлерді еске алу және ардагерлерге құрмет.
Дарина ДАНЕНОВА,
ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ
бас сарапшысы