Skip to content
Басты бет » Қазақстанда сайлау науқаны: 2022 жылдың қорытындылары және 2023 жылғы жоспар

Қазақстанда сайлау науқаны: 2022 жылдың қорытындылары және 2023 жылғы жоспар

Қазақстан үшін 2022 жыл саяси оқиғаларға толы жыл болды. Ең маңызды үдерістердің бірі ретінде біз кешенді саяси реформалар топтамасын атап өте аламыз. Бұл реформалар түрлі билік тармақтарының арасындағы және мемлекеттік билік тізбегіндегі өкілеттіктердің айтарлықтай өзгертіліп орнатылуына әкелді. Біз жаңа іс-әрекет қағидаттарының орын алғанына куә болдық. Осы жаңа қағидаттардың ең елеулі кезеңі маусым айында өткен жалпыхалықтық референдум болды. Мемлекетіміздің тарихында үшінші рет өткен бұл сайлау қорытындысы бойынша Ата заңның 33 бабына 56 түзету енгізілген. Халық бұл түзетулерді қабылдап, мемлекет халық үнін ескере отырып биліктің басты лауазымдарын жаңарту үдерісіне кірісті. Осы арада президентті сайлау жарияланды және жаңа ереже бойынша мемлекет басшысы бір реттік жеті жылдық өкілеттік бойынша сайланды. Сайлау нәтижесі бойынша халық президентке сенімін артып, келесі жеті жылда өз жоспарын орындауға мүмкіндік берді.
2023 жылы сайлау науқаны өз жалғасын табады. Жылдың бірінші айында-ақ Республика Парламентінің жоғары палатасы, Сенатқа депутат сайлауы өтеді. Бірінші жартыжылдықта халқымыз Мәжіліс пен маслихат депутаттарын жаңа тәртіп бойынша сайлайды. 2021 жылы басталған ауыл әкімдерін сайлау үдерісі де өз жалғасын биыл табады. Сонымен қатар, сайланатын лауазымдардың тізімі кеңейтіліп, қазақстандықтар аймақ әкімдерін сайлайтын болады. Осылайша біздің елімізде электоралды мәдениет дамуын байқауға мүмкіндігіміз пайда болады.
 
Қуаныш Сайлау, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ ғылыми қызметкері