Skip to content
Басты бет » Саяси партиялар аймақтық деңгейде белсенді болды

Саяси партиялар аймақтық деңгейде белсенді болды

VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та партиялар сайлауға бірдей жағдай қатысқанын тілге тиек етті.

«Қандай да бір саяси ұйымға артықшылық берілген жоқ. Президент ешбір партияның мүшесі емес. Облыс әкімдері партия бөлімшелеріне жетекшілік етпейді. Жоғары лауазымды қызметкерлер партия тізімінде болған жоқ.

ҚР Президентінің жанындағы ҚСЗИ бас сарапшысы Әмина Үрпекова саяси реформалардың кезекті пакеттері көппартиялық жүйенің дамуына серпін береді. Және саяси белсенді азаматтар мен сайлаушылардың арасындағы байланыстың жаңа арнасын жолға қояды. Ең бастысы партиялар арасындағы талас-тартыс Мәжіліс пен бірге мәслихаттардағы депутаттық мандат үшін де жүргізілді.

«Сонымен қатар, саяси партиялар аймақтық деңгейде белсенді түрде алға жылжуға мәжбүр болады, өйткені бір мандатты округтер бойынша сайлау елдің заң шығарушы органында депутаттық креслолар алуға қосымша мүмкіндік береді. Осылайша, 2023 жылғы парламенттік сайлау саяси партиялардың, саяси белсенді азаматтардың қазақстандық сайлаушылармен қарым-қатынасының жаңа жүйесін іске қосады», – деді Әмина Үрпекова.

Қысқасы көппартиялық жүйе саяси белсенділікті арттырып қана қоймай саяси ұйымдар арасындағы өзара бәсекенің дамуының да алғышартына айналмақ.