Соңғы сайлау мерзімдерінің тәжірибесі көрсеткендей, бақылаушылардың саны сайлаудан сайлауға дейін артуда. Мысалы, 2021 жылы сайлаудағы бақылаушылардың саны 2019 жылғы президенттік сайлаумен салыстырғанда 1,6 есе өсті. Бұл тренд қазіргі сайлау үшін де өзекті.
Сол сияқты Қазақстанда халықаралық стандарттарға сәйкес, сайлау процесінің транспаренттілігі мен ашықтығын қамтамасыз ететін халықаралық бақылау тәжірибесі кеңінен ұсынылған. Олардың да саны артты. 2021 жылы парламенттік сайлауда 398 бақылаушы аккредиттелсе, 2022 жылы президенттік сайлауда 641 халықаралық бақылаушы қатысуда.
Бақылаушылар санының өсуі қоғамның саяси бейтараптылықты бастан кешу әлеуетін көрсетеді. Сайлау – ықпал ету және азаматтардың дауыс беру арқылы топтық шешім қабылдау процесіне саяси қатысуының негізгі кілті.
Сондай-ақ Қазақстанда бақылау институтын нығайту үшін азаматтық қоғамның Бақылаушылардың әдеп кодексін қабылдау қажеттілігін көрсетеді. Осылайша өздігінен реттеу және өздігінен ұйымдастыру бақылаушы мәртебесінің артуын сипаттайды.
Бақылаушылардың әдеп кодексі әлемнің көптеген мемлекеттерінде бар. Мысалы, Ұлыбританияда бақылаушылар кодексі қолданыста, онда сайлаушы тұлғалардың құпиялығын сақтау, сайлау процесіне қандай-да бір кедергі келтіруге тыйым салу, кәсіпқойлық принциптерін жақтау және т.б. жазылған.
Өз кезегінде сайлауды бақылау сайлаудың айқындылығын арттырады. Осылайша елімізде де шетелде де сайлау процесіне деген сенім артады. Сайлауды бақылау демократиялық процеске қолдау көрсетеді.
Жанар Санхаева,
ҚР Президенті жанындағы
ҚСЗИ жетекші ғылыми қызметкері