Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты (ҚСЗИ) Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 16 маусымдағы Жарлығына сәйкес құрылған мемлекеттік болжамдық-талдамалық мекеме.
Рөлі мен құндылықтары
Институттың негізгі қызметі – мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының стратегиялық бағыттары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің қызметін талдамалық, зерттеу және сараптамалық қамтамасыз ету.
Халықаралық рейтинг
Аналитикалық орталықтардың 2020 жылғы Дүниежүзілік индекс-рейтингіне сәйкес (Global Go To Think Tank Index Report, University of Pennsylvania), ҚСЗИ Кавказ, Орталық және Оңтүстік Азия (58 орталықтың ішінен) жетекші талдау орталықтарының үштігін басқарады, сондай-ақ «Сovid-19-ға Үздік саясат және институционалдық жауап» номинациясы бойынша әлемнің үздік талдау орталықтарының қатарына енді. Бұл номинацияға әлемнің түкпір-түкпірінен 83 талдау орталығы кірді, олардың ішінде ҚСЗИ Орталық Азия елдерінің жалғыз құрылымы болды.
Талдау орталықтарының 2016 жылғы Дүниежүзілік индекс-рейтингінің қорытындысы бойынша ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты алғаш рет 6 мың талдау институттары мен орталықтары арасында әлемдегі ең үздік 150 «ақыл-ой орталықтарының» қатарына енді. Бұрын институт жаһандық рейтингке тек жекелеген санаттар мен бағыттар шеңберінде ғана кірген.