Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) талдау орталықтарының кездесуі қарсаңында ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтында ұйымға мүше және байқаушы мемлекеттер сарапшыларының кездесуі өтті.
Бүгін Түркия Сыртқы істер министрлігі жанындағы Стратегиялық зерттеулер орталығы, Мажарстандағы Халықаралық қатынастар институты, Әзербайжан Республикасының Халықаралық қатынастарды талдау орталығы, Түрікменстан Сыртқы істер министрлігі Халықаралық қатынастар институты Стратегиялық зерттеулер орталығының басшылары мен сарапшылары ҚСЗИ-ға келді.
Бейресми отырыс ТМҰ талдау орталықтарының кездесуі алдында Ұйым аясындағы ынтымақтастықтың негізгі мәселелері бойынша пікір алмасу мақсатында өтті.
ҚСЗИ директоры Еркін Тұқымов: «Қазақстан 2023 жылы ТМҰ-ның болашақ төрағасы ретінде Ұйым кеңістігіндегі тұрақтылықты күшейту тәсілі ретінде мемлекетаралық экономикалық жобаларды кеңейтуге ерекше назар аударады. Сондықтан Қазақстанның негізгі мүдделері – сауда-экономикалық өзара әрекеттестікті ілгерілету және көршілес мемлекеттермен көлік-коммуникациялық өзара байланысты жақсарту. Былтыр қараша айында Самарқандта өткен ТМҰ саммитінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан үшін түркітілдес мемлекеттермен байланысты нығайту басымдық болып қала береді» дегені кездейсоқ емес».
Кездесу барысында тараптар түркі елдерінің гуманитарлық ынтымақтастығы практикалық жазықтыққа ауысатынын атап өтті.
Мажарстандағы Халықаралық қатынастар институтының Бас директоры Мартон Шоберл ТМҰ-ның ықпалы артып келе жатқанын және түркі қауымдастығы бүгінде тыныштық пен тұрақтылықтың өзіндік континенті іспеттес екенін атап өтті.
Нұх Йылмаз, Түркия СІМ жанындағы Стратегиялық зерттеулер орталығының төрағасы, өз ведомствосын таныстыра отырып былай деді: «Біз үшін осында болу маңызды, себебі болашақ жұмыс туралы ортақ көзқарасымыз бар. Түркі елдерінің жетекші талдау орталықтарымен тәжірибе және білім алмасу біз үшін де маңызды. ТМҰ елдерінің бірігуі жалпы күн тәртібін қалыптастыруға көмектеседі, бұл өңірдің дамуына оң әсер ететіні сөзсіз».
Түрікменстан СІМ Халықаралық қатынастар институтының Стратегиялық зерттеулер орталығының директоры Шири Шириев өз орталығының жұмысы туралы баяндады. Сондай-ақ әлемдегі күрделі геосаяси жағдайға байланысты бүкіл өңірдің талдау орталықтары жұмысының маңызы артқанын айтты.
Джавид Велиев, Әзербайжан Республикасының Халықаралық қатынастарды талдау орталығы департаментінің директоры: «Қазіргі таңда Әзербайжан – Түркия, Кавказ елдері мен Орталық Азия арасындағы көпір. Біз ынтымақтастыққа және бірлесіп жұмыс істеуге дайынбыз».
Кездесуді аяқтай отырып, қатысушылар елдер арасындағы диалогты күшейту қажет деген ортақ пікірге келді. Оның ішінде сараптамалық қоғамдастықтың әлеуеті де бар. Өйткені бұл мемлекеттік органдарға, бизнеске және азаматтарға өзара тиімді ынтымақтастық пен әріптестік бағытын іске асыру үшін жаңа идеялар табуға мүмкіндік береді.