11 мамырда Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының ғимаратында Тафтс университетінің Флетчер атындағы Дипломатия және құқық мектебінің Ресей және Еуразиялық зерттеулер бағдарламасының делегациясымен кездесу өтті.
Тараптар Орталық Азиядағы өңірлік саясат пен экономикалық процестердің динамикасына қатысты мәселелерді талқылады. Кездесудің басты тақырыбы елдер арасындағы академиялық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған сараптамалық өзара іс-қимыл перспективаларына арналды.
ҚСЗИ директоры Еркін Тұқымов пен Тафтс университетінің өкілдері арасындағы сұхбат аясында Орталық Азиядағы тұрақтылық пен қауіпсіздік, өңірдегі елдерде жаңа технологияларды дамыту, энергетика және Қазақстан мен АҚШ-тың кең ауқымды облыстар бойынша серіктестігі талқыланды.
Дипломатия және құқық мектебінің өкілдері ҚСЗИ ұжымын алдағы 30 жылдықпен құттықтап, одан әрі ынтымақтастыққа үміт білдірді.