Skip to content
Басты бет » Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты Медиажобалар бөлімінің сарапшы бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты Медиажобалар бөлімінің сарапшы бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

«Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты» РММ, Астана қ., Бейбiтшiлiк к., 4, анықтама телефоны: +7 (7172) 75-23-55, E-mail: office@kisi.kz бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:

1. Медиажобалар бөлімінің сарапшы, уақытша 27.09.2024 ж. дейін негізгі қызметкердің жүктілігі және босануы бойынша демалыс кезеңіне, В1-5 санаты

Функционалдық міндеттері: Facebook, Twitter, Instagram, Telegram, институттың ресми сайтына ақпараттық және контенттік толтыруды жүзеге асырады; Институт қызметкерлерінің жарияланымдарына мониторинг жүргізеді және ілгерілетуді қамтамасыз етеді. Бөлім басшысына атқарылған жұмыс туралы есептерді ұсынады; Институт қызметкерлерінің БАҚ-та сөйлеген сөздері бойынша апта сайынғы есептерді жасайды; Институт қызметкерлерінің жарияланымдары мен сөз сөйлеулеріне бұқаралық ақпарат құралдарының күнделікті мониторингін жүзеге асырады; тақырыптық дайджесттер жасайды; журналистерді аккредиттеу жөніндегі құжаттарды дайындайды.

Лауазымдық жалақысы:

СанатыЕңбек сіңірген жылдарына байланысты
minmax
В1-5468 865 565 267

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салалардағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: Конкурс өткізу туралы ҚСЗИ ресми сайтында хабарландыру соңғы жарияланған келесі жұмыс күнінен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде.

Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:

1) Қоса беріліп отырған құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

3) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

5) № 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

6) соңғы жұмыс орнынан сипаттамасы.

Сонымен қатар, жеке куәліктің дербес деректерді ұсыну.

Конкурсқа қатысушы оның біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіптік даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру туралы құжаттардың, ғылыми жарияланымдардың, сондай-ақ алдыңғы жұмыс орнынан басшылықтың ұсынымдарының көшірмелері және т.б.) ұсына алады.

Әңгімелесу өтетін орны: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 4.

Құжаттар қолма-қол немесе пошта байланыс арқылы мына мекенжай бойынша қабылданады: Астана қ., Бейбітшілік к-сі, 4, 502 каб., телефон: +7 (7172) 75-23-55.