Skip to content
Басты бет » Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты Жаһандық экономика және орнықты даму бөлімінің бас ғылыми қызметкері бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты Жаһандық экономика және орнықты даму бөлімінің бас ғылыми қызметкері бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

«Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты» РММ, Астана қ., Бейбiтшiлiк к., 4, анықтама телефоны: +7 (7172) 75-23-55, E-mail: office@kisi.kz бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:

1. Жаһандық экономика және орнықты даму бөлімінің бас ғылыми қызметкері, В1-1 санаты

Функционалдық міндеттері: Институт жұмысының жылдық, ағымдағы, тақырыптық жоспарларында бөлім үшін көзделген ғылыми-зерттеу жұмыстарының орындалуын ұйымдастыру, зерттеу жүргізу әдістері мен құралдарын таңдау, олардың түпкі мақсаттары мен болжамды нәтижелерін қалыптастыру, бөлім алдына қойылған міндеттерді шешу жолдарын айқындау; тұжырымдамалардың, нормативтік-құқықтық, бағдарламалық және әдістемелік құжаттардың, болжамдардың жобаларын әзірлеуге қатысу және халықаралық және өңірлік қауіпсіздікті зерттеу аясындағы ұсыныстар; бөлім қызметінің бағыты бойынша қолданбалы сипаттағы ғылыми-талдамалық зерттеулер жүргізу; жоспарлы ғылыми-зерттеу жұмыстарының орындаушыларын айқындау, жоспарда көзделген тапсырмалардың орындалуын бақылау, сондай-ақ бөлім қызметкерлері орындаған ғылыми жұмыстардың сапасына жауапкершілік; бөлім қызметінің бағыты бойынша іс-шараларды дайындау мен өткізуге жедел басшылықты жүзеге асыру; институттың шетелдік және халықаралық ғылыми байланыстарын кеңейту жөніндегі бастамалар ғылыми орталықтар өткізетін ғылыми форумдарға қатысады; республикалық және халықаралық сараптамалық іс-шараларға қатысу; БАҚ-та сөз сөйлеу.

Лауазымдық жалақысы:

СанатыЕңбек сіңірген жылдарына байланысты
minmax
В1-1686 865739 448

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім, ғылым докторы ғылыми дәрежесі және лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде 20 жыл жұмыс өтілі, ірі ғылыми еңбектердің немесе ашылуға арналған дипломдардың және өнертабыстарға авторлық куәліктердің, сондай-ақ практикада іске асырылған нәтижелердің болуы, тиісті білім саласындағы ғылыми бедел.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: Конкурс өткізу туралы ҚСЗИ ресми сайтында хабарландыру соңғы жарияланған келесі жұмыс күнінен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде.

Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:

1) Қоса беріліп отырған құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

3) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

5) № 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

6) соңғы жұмыс орнынан сипаттамасы.

Сонымен қатар, жеке куәліктің дербес деректерді ұсыну.

Конкурсқа қатысушы оның біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіптік даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру туралы құжаттардың, ғылыми жарияланымдардың, сондай-ақ алдыңғы жұмыс орнынан басшылықтың ұсынымдарының көшірмелері және т.б.) ұсына алады.

Әңгімелесу өтетін орны: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 4.

Құжаттар қолма-қол немесе пошта байланыс арқылы мына мекенжай бойынша қабылданады: Астана қ., Бейбітшілік к-сі, 4, 502 каб., телефон: +7 (7172) 75-23-55.