Қазақстан Президенті Қ. Тоқаев «Егемен Қазақстан» басылымына ауқымды сұхбат берді. Сұхбат Мемлекет басшысының қойылған, тіпті өткір сұрақтарға да, ашық әрі адал жауап беруі, өткен кезеңге өз бағасын беруі және алдағы жылға арналған міндеттерді айқындауымен қызықты.
Айта кететін жайт, қаңтар айындағы оқиғалардан кейін елімізде саяси жүйе мен институттарды реформалау бойынша үлкен жұмыс жүргізілді. Әлеуметтік саладағы белгілі бір проблемаларды шешу тетіктері қайта қаралып іске қосылды, жаңа экономикалық модель құру бойынша жұмыс басталды. Бұл жұмыстардың барлығы әлемдік геосаясаттағы күрделі жағдай аясында жүргізілді. Мемлекет басшысының ұтымды әрі прагматикалық көзқарасы осы реформалардың барлығын еш қиындықсыз жүзеге асыруға мүмкіндік берді.
Президент атап өткендей, Қазақстан бірнеше беделді халықаралық ұйымдарға төрағалық етеді. Сол себепті алдағы жыл түрлі саяси оқиғаларға толы болады. Сонымен қатар алдағы кезең ел дамуының алдағы бес жылдық циклінің негізін қалауда. Сондықтан одан әрі экономикалық жаңғырту мәселелері әлі де басым.
Мемлекет басшысы әділетті және бәсекеге қабілетті экономикалық жүйені құруға ерекше назар аударады. Бұл бюджет-салық саласында ашық жүйені реформалау мен құруды, мемлекеттің экономикадағы үлесін қысқартуды, көлеңкелі экономиканың үлесін қысқартуды, кәсіпкерлікті дамыту бостандығы мен қолдауын, инфрақұрылымдық объектілерді жаңғыртып, жаңаларын құруды білдіреді.
Өткен 2023 жылдың қорытындысы бойынша ЖІӨ шамамен 5%-ға өсіп, 75 трлн теңгеден астам көрсеткішке жетті. Бұл ретте машина жасау, құрылыс, жеңіл өнеркәсіп және басқа салаларда өсім байқалады. Үш тоқсанның қорытындысы бойынша шамамен 19,7 млрд АҚШ доллар сомасына тікелей инвестициялар тартылды. Негізгі ағын көлік және қоймалау, ақпарат және байланыс, сауда және т.б. сияқты салаларда қамтамасыз етілді. Сыртқы сауда айналымы өткен жылдың он айы ішінде 2,6%-ға өсіп, шамамен 114 млрд АҚШ долларын құрады.
Президент өз Жолдауында 2029 жылға қарай ЖІӨ-ні екі есеге арттыру міндетін қойды. Алға қойылған мақсатқа жету үшін 62 мың км инженерлік желілерді жаңғырту, энергетика саласындағы инфрақұрылымдық объектілерді салу, транзиттік-көліктік әлеуетті дамыту, экономики секторын, креативті индустрияны және экономиканың басқа да секторларын дамыту үшін шамамен 3 трлн теңге инвестиция тарту жоспарлануда. Бұл ретте адами капитал мен еңбек ресурстарын дамытуға да көп көңіл бөлінуі тиіс.
Сонымен қатар экономикалық институттардың тиімді жұмыс істеуі және заңдардың орындалуы қажет. Бұл туралы Мемлекет басшысы «Заң және Тәртіп» қағидатын нығайтуды жақтайтынын атап өтті.
Әсел ӘБЕН,
ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ
Экономикалық саясатты талдау бөлімінің бас сарапшысы