Skip to content
Басты бет » Әл-ауқат пен ұлттық бірегейлік Президент Қ.К. Тоқаевқа сенім медиаторлары ретінде

Әл-ауқат пен ұлттық бірегейлік Президент Қ.К. Тоқаевқа сенім медиаторлары ретінде

Саяси сенім – қоғамның саяси көшбасшысын, оның шешімдерін қолдауға дайындығы, онсыз саяси көшбасшылар әрекет ете алмайтын ресурс. Бірақ саяси көшбасшыларға сенім механизмі өте нәзік әрі күрделі, оның себептерін түсіндіруде сарапшылар экономикалық идеялар мен бастамаларды жиі қолданады. Бірақ сенім тек материалдық факторлармен ғана емес, саяси сенімнің де эмоционалдық жағы бар, оны азаматтардың көзқарастарын, құндылықтарын, сезімдерін және эмоцияларын білдіруге деген ұмтылысы арқылы түсіндіруге болады. Көп жағдайда бұл жағы жиі байқалмай, тасада қалады.

Саяси сенім мазмұны жағынан саяси қолдау түсінігіне жақын. Гарвард университетінің саясаттанушысы Пиппа Норрис бес элементтен тұратын саяси қолдаудың теориялық шеңберін ұсынды – ұлттық қауымдастықпен бірегейлік; саяси режимнің принциптері мен құндылықтарын бекіту; мемлекеттің қызметін бағалау; мемлекеттік институттарға сенім және жекелеген саясаткерлерді қолдау. Норристің пікірінше, егер адам өзін мемлекетпен жағымды сәйкестендірсе және мемлекеттік институттарды оң бағаласа, мұның бәрі саяси қолдау мен саяси көшбасшылыққа сенім білдірудің белгілері.

ҚСЗИ мәліметтері бойынша[1] Президент Қ.К. Тоқаевқа сенім деңгейі– 77,1%. Бұл саяси жүйенің тұрақтылығы мен тиімділігін, сондай-ақ азаматтардың заңға бағыну сипаты мен адалдығын көрсететін саяси сенімнің өте жоғары деңгейі.

Президентке деген сенім «Сіз Қазақстан Республикасының Президентіне сенесіз бе?» деген сұрақ арқылы өлшенді, мұнда респонденттерге «иә», «дәлірегі иә», «дәлірегі жоқ», «жоқ» және «жауап беру қиын» деген 5 жауапты таңдау мүмкіндігі болды. Жалпы респонденттердің 77,1%-ы Президентке сенім білдірсе, 21,4%-ы сенімсіздік танытқан.

Әл-ауқат Президент Қ.К. Тоқаевқа сенім медиаторы ретінде. Әдетте, әлеуметтік-экономикалық әл-ауқат жоғарылаған сайын саяси көшбасшылыққа деген сенім деңгейі де артады және керісінше. Қазақстан халқы өзінің әлеуметтік-экономикалық жағдайын қалай бағалайды? Халықтың әлеуметтік-экономикалық әл-ауқаты, өмір сүру сапасын бағалау көрсеткіштерінің арасында біз респонденттерге Тәуелсіздік[2] алғаннан бері отбасындағы өзгерістерді көрсететін сандарды алдық. Осылайша, қазақстандықтардың төрттен үш бөлігі 33 жыл ішінде отбасында болған өзгерістерді оң бағалайды. Ең оптимистік баға, біріншіден, жалпы өмірге; екіншіден, отбасылық табыстың, сондай-ақ менің қаламдағы/ауылымдағы өмірдегі өзгерістер. Субъективті әл-ауқаттың бағалануы мен саяси сенім деңгейінің арасындағы тікелей арақатынасты жақтайтындар аз болса да, өмірге қанағаттану артқан сайын саяси сенімнің өсу тенденциясы айқын;

Ұлттық бірегейлік Президент Қ.К. Тоқаевқа сенім медиаторы ретінде. Өздеріңіз білетіндей, бірегейлік миллиондаған үлкен қауымдастықтарды қалыптастырады, олардың ең үлкені ҰЛТ. Этноәлеуметтанулық тұжырымдамалар бойынша ұлттық бірегейліктің негізі қоғам мен мемлекеттік институттарға деген сенім, басқаша айтқанда, қоғам мен билікке деген сенімнің деңгейі неғұрлым жоғары болса, бірегейлік соғұрлым күшті болады. Біздің сауалнамада келесідей жауаптары бар ұлттық бірегейлік[3] туралы сұрақ қойылды: «Сіздің ойыңызша, қазақстандықтарды біртұтас ұлт ретінде не біріктіреді?»:

    Халықтың басым көпшілігі өзін Қазақстанмен біртұтас ұлт ретінде қарастырады. Ұлттық бірегейліктің позитивтілігі қоғамдағы әлеуметтік қатынастарды жақсартып, адамдарды біріктіріп қана қоймайды, сонымен қатар ол жеке тұлғаның өзін-өзі бағалауы мен ұлттық мақтаныш сезіміне де әсер етеді. Ұлттық бірегейлік Қазақстанның мәдени әртүрлілігін біріктіруші фактор бола отырып, мемлекетке деген сенім мен ынтымақтың артуына да ықпал етеді.

    Қазақстандықтардың ұлттық бірегейлігінің айрықша күші – саяси көшбасшыны әлеуметтік-экономикалық әл-ауқат негізінде ғана емес, сыртқы саясаттағы жетістіктері үшін бағалауында. Соңғы жылдары сыртқы саяси оқиғалар аясында қазақстандықтар өз мемлекетіндегі тұрақтылықты және Мемлекет басшысының сыртқы саяси қызметін қаншалықты бағалайтындығына байланысты.

    ҚСЗИ сауалнамаларының нәтижелерінен белгілі болғандай, Президентке деген сенім деңгейі жеке адамдар арасында мемлекеттік институттардың тиімділігін немесе өздерінің әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатын бағалау нәтижесінде ғана қалыптаспайды. Материалдық емес себептер де сенім медиаторлары қызметін атқарады. Біз ұлттық сана-сезімі жоғары қазақстандықтарды Президентке сену керек деп шабыттандыратын эмоционалдық факторлардың ерекше рөлі туралы айтып отырмыз. Осылайша, қазіргі қоғамда саяси көшбасшылыққа сенім медиаторлары тек материалдық емес, эмоционалдық факторлар болып табылады.


    [1] Сауалнама ҚСЗИ тапсырысы бойынша 2024 жылдың 11 мамыры мен 22 маусымы аралығында жүргізілді, 8101 респондент. Сауалнамаға еліміздің 17 облысы мен республикалық маңызы бар Астана, Алматы және Шымкент қалаларының 18 жастан асқан респонденттері қатысты.

    [2] Сауалнама ҚСЗИ тапсырысы бойынша 2024 жылдың 11 тамызымен 17 қыркүйегі аралығында жүргізілді, 8000 респондент. Сауалнамаға еліміздің 17 облысы мен республикалық маңызы бар Астана, Алматы және Шымкент қалаларының 18 жастан асқан респонденттері қатысты.

     

    [3] Сауалнама ҚСЗИ тапсырысы бойынша 2024 жылдың 11 мамыры мен 22 маусымы аралығында жүргізілді, 8101 респондент. Сауалнамаға еліміздің 17 облысы мен республикалық маңызы бар Астана, Алматы және Шымкент қалаларының 18 жастан асқан респонденттері қатысты.

    ҚСЗИ бас ғылыми қызметкері, әлеуметтану ғылымдарының докторы Айгүл Забирова