2025 жылғы 4 наурызда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында Ауғанстан Елшілігінің делегациясымен кездесу өтті.
Ауғанстан дипломатиялық миссиясының атынан кездесуге Ауғанстанның Қазақстандағы уақытша сенімді өкілі Рахмани М. Ур. Рехман, сондай-ақ Елшіліктің екінші хатшысы Муджадиди Мохаммад Азим және Елшілік қызметкері Абдул Хамид Сукут қатысты.
Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, өңірлік қауіпсіздікті, гуманитарлық бастамаларды және өзара мүдделі ғылыми зерттеулерді талқылады. Әсіресе, білім беру және сараптамалық өзара іс-қимыл мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Институт директоры Еркін Тұқымов зерттеу және сараптамалық тәжірибе алмасу саласындағы ауған әріптестерімен сындарлы диалогтың маңыздылығын атап өтті.
Кездесу барысында академиялық алмасу, бірлескен ғылыми зерттеулер мен жарияланымдар жүргізу перспективалары қарастырылды. Бұл Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы ғылыми-білім беру ынтымақтастығының одан әрі дамуына ықпал етеді.


