2022 жыл – заманауи Қазахстанның тарихында өшпес із қалдыратыны сөзсіз. 2022 жылғы 20 қарашада ҚР Президентін сайлауы өтуде. Бұл оқиға сайлау процесі тақырыбына, атап айтқанда азаматтардың дауыс беруге қатысуларына ерекше қызығушылық тудырады. ОСК деректері бойынша 11 млн қазақстандықтардың өз кандидаттарына дауыс беру мүмкіндігі бар. Олардың әрбір төртіншісі (бұл шамамен 2,9 млн) – жасы кәмелетке толған жастар.
Бұл ретте сайлауға қатысу – мемлекеттегі азаматтылықтың негізгі индикаторының бірі. Халықтың қоғамдық-саяси өмірге қатысуға деген сұранысы артып келеді. Біз саяси құндылықтардың трансформациясын және азаматтық қоғамның жаңа мәдениетінің қалыптасуын көріп отырмыз. Дүниежүзілік құндылықтар шолуына сәйкес 44% қазақстандықтар үшін саясат маңызды құндылықтардың тізіміне кіреді. Бұл тек қана сайлау процесіне қатысты емес. Өңірлік проблемалардың трансляциясы әлеуметтік осал санаттарының мүддесін жылжыту және басқа да міндеттерді орындаудан көрінеді. Ол үшін дәстүрлі, онлайн- және офлайн-алаңдар, әлеуметтік желілер (Instagram, Facebook), қоғамдық кеңестер және басқа да платформалар пайдаланылады. Осындай әрекеттер азаматтық сана-сезім мен ниеттестікті дамытуға мүмкіндік бере отырып, тұтастық сезімін тудырады.
Жаңа алаңдардың пайда болуы қалыптасқан азаматтық қоғамның базасын қолдап әрі дамытып қана қоймай, оның ішінде Қазақстанның шалғай өңірлерінде ауылдық жастар арасында жаңа жұмылдырылған әлеуетті өсіруге мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда «Жастар» ҒЗО деректеріне сәйкес, қоғамдық-саяси өмірге қызығушылық танытатындардың ішінде ауылдықтар басым. 2021 жылдың деректері бойынша елді мекендерде тұратын жастар қаладағы замандастарына қарағанда (айырмашылық шамамен 8% құрайды) сайлауға қатысуға дайын екендерін жиі білдіреді. Ұқсас нәтижені ауылдық жастар болашақта ерікті қызметке қатысуға дайын екенін көрсетеді.
Осылайша белсенділіктің жоғары деңгейі азаматтарға істің ағымдағы жағдайы туралы көбірек ақпарат алуға түрткі болды. Олар тек онлайн ғана емес, сол сияқты офлайн ортада да белсенділік танытып, түрлі іс-шараларға қатысады. Жеке және қоғамдық салалар арасындағы ажыраудың азаюы, азаматтық секторды трансформациялау мемлекетіміздің одан әрі әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуына оң әсерін тигізеді.
Гүлназ Қасымова,
ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ
аға ғылыми қызметкер