23 қыркүйек күні Назарбаев Университеті Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің қауымдастырылған профессоры, Phd докторы Азиз Бұрханов Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтында онлайн дәріс өткізді.
Іс-шара барысында профессор ғылыми мақала жазудың ерекшеліктерімен бөлісіп, мақаланың тақырыбы мен құрылымын қалай таңдау керектігін айтып өтті. Сондай-ақ мақала жіберу, журналға жариялау және рецензия алу сияқты сұрақтарға жауап берді. Кездесу «Қазақстанның болашақ келбеті» бағдарламасының білім беру хабының аясында өтті.
Еске сала кетейік, бағдарлама жас сарапшыларды талдамалық және ғылыми-зерттеу саласындағы бәсекеге қабілеттілігін дамыта отырып, әлеуметтік ғылымдар саласында зерттеулер жүргізуге қолдау көрсету мақсатында жүзеге асырылып отыр.