Skip to content
Басты бет » Азиз Бұрханов ғылыми мақала жазудың ерекшеліктері туралы дәріс оқыды

Азиз Бұрханов ғылыми мақала жазудың ерекшеліктері туралы дәріс оқыды

23 қыркүйек күні Назарбаев Университеті Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің қауымдастырылған профессоры, Phd докторы Азиз Бұрханов Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтында онлайн дәріс өткізді.

Іс-шара барысында профессор ғылыми мақала жазудың ерекшеліктерімен бөлісіп, мақаланың тақырыбы мен құрылымын қалай таңдау керектігін айтып өтті. Сондай-ақ мақала жіберу, журналға жариялау және рецензия алу сияқты сұрақтарға жауап берді. Кездесу «Қазақстанның болашақ келбеті» бағдарламасының білім беру хабының аясында өтті.

Еске сала кетейік, бағдарлама жас сарапшыларды талдамалық және ғылыми-зерттеу саласындағы бәсекеге қабілеттілігін дамыта отырып, әлеуметтік ғылымдар саласында зерттеулер жүргізуге қолдау көрсету мақсатында жүзеге асырылып отыр.