Skip to content
Басты бет » ҚСЗИ Жас сарапшыларды қолдау бағдарламасының финалистері белгілі болды

ҚСЗИ Жас сарапшыларды қолдау бағдарламасының финалистері белгілі болды

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты (ҚСЗИ) «Құрылымдық өзгерістер жағдайындағы Қазақстанның өңірлік дамуы: талдау және шешімдер — 2026» Жас сарапшыларды қолдау бағдарламасын қорытындылады.

Үздік жұмыстарды іріктеу аяқталды. Финалға терең талдау жасап, зерттеуін нақты деректерге негіздеген және практикалық шешім ұсына білген 9 қатысушы шықты. Әр финалист өз жобасын жалғастыру үшін ҚСЗИ грантын алады.

Жұмыстардың тақырып аясы кең: білім беру мен денсаулық сақтау, цифрлық және өңірлік теңсіздік, Орта дәліз арқылы көліктік интеграция, жасанды интеллект, мәдени саясат, сондай-ақ NEET санатындағы әйелдердің әлеуметтік жағдайы. Зерттеулер қазақ және орыс тілдерінде жазылған. Финалистер халықаралық және отандық деректерге сүйеніп, жан-жақты талдаған әрі нақты ұсыныстар әзірлеген.

Бағдарлама қоғамдық ғылымдар саласындағы отандық жас зерттеушілерді қолдап, олардың сараптама жасау және ғылыми зерттеу жүргізу дағдыларын шыңдауды көздейді.

Оқу курсы екі модульден тұрды. Алғашқы төрт апта бойы қатысушылар жетекші сарапшылардың әдістемелік тренингтері, семинарлары мен шеберлік сыныптарына қатысты. Сегіз аптаға созылған екінші кезеңде әр қатысушы бекітілген ментордың жетекшілігімен талдамалық баяндама дайындады. Осылайша олар алған білімін бірден өз зерттеуінде қолданды.

Бағдарламаға қызығушылық жоғары болды: 2026 жылғы 13 сәуір мен 31 мамыр аралығында ҚСЗИ-ға елдің түкпір-түкпірінен 60 тан астам өтінім келіп түсті. Конкурстық іріктеу нәтижесінде 47 үміткер бағдарламаға қатысуға ұсынылды.

Финалистерді құттықтаймыз! Қатысушыларға үнемі қолдау көрсетіп, тәжірибесімен бөліскен менторларға алғысымызды білдіреміз. ҚСЗИ өңірлердің дамуына үлес қосуға ниет білдірген барлық қатысушыға рақмет айтып, ғылыми және сараптамалық жұмыста табыс тілейді.

Аты-жөніТақырыбыМентор
Истаева Шолпан ХаирбековнаПрофессиональное развитие и благополучие учителей школ Казахстана: оценка эффектов реформ 2019–2024 годов по данным TALIS-2018 и TALIS-2024Забирова Айгүл Тілеубайқызы
Темірханов Аслан МəденханұлыРоль лабораторной диагностики в сокращении регионального неравенства здравоохранения Казахстана: оценка государственной политикиКалдыбаева Ольга Владимировна
Василова Мунира МаркеновнаЦифровое неравенство в Казахстане: структурные различия между регионами в условиях цифровой трансформации (на основе данных ICILS 2023 и НОБД)Ермаханова Салтанат Амангелдіқызы
Жунусова Зауре АхметовнаСредний коридор и региональная интеграция Казахстана: распределение экономических эффектов инфраструктурного развитияНұрбаев Жасұлан Есеевич
Мылтыкбаева Айгуль ТауарбековнаПрименение искусственного интеллекта для управления инновационной экосистемой Алматинской областиБерікбаев Елнар Ғалымжанұлы
Кенебаева Айнур СейтбатталовнаҰлытау облысының құрылымдық осалдығын еңсерудің тетігі ретіндегі өңірдің «Adaptive Capacity – Бейімделу әлеуетін дамыту» моделіЖолдыбалина Алуа Серікқызы
Бекболат АдилбекАқмола облысындағы өңірлік мәдени саясат: өңірлік ерекшеліктерді ескере отырып тұрғындардың өмір сапасын арттыру тетіктеріЗатилла Нұрдаулет Жомартұлы
Алимханова Динара КайратовнаКөлеңкеде қалған әйелдер: NEET кімді және нені көрмей отыр?Накипбаева Жанар Абдуакановна
Иманғали Шапағат ИманғалиұлыҚазақстан өңірлеріндегі медициналық көмектің қолжетімділігін бағалау: шағымдар, кадрлық қамтамасыз етілу және пациент тәжірибесі негізіндегі мониторингӨмірбаева Бибігүл Серікқызы

Дайджест жаңалықтарына жазылу