Skip to content
Басты бет » ҚСЗИ директоры Еуропалық Одақ елдерінің дипломатиялық миссияларының басшыларымен кездесті

ҚСЗИ директоры Еуропалық Одақ елдерінің дипломатиялық миссияларының басшыларымен кездесті

2026 жылғы 14 қазанда ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директоры Жандос Шаймарданов Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Өкілдігі ұйымдастырған Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттердің дипломатиялық миссияларының басшыларымен кездесуге қатысты.

Іс-шараның негізгі тақырыбы Орталық Азиядағы өңірлік ынтымақтастықтың өзекті мәселелері, сондай-ақ Түрікменстанның Аваза қаласында өткен Орталық Азия мен Әзірбайжан мемлекеттері басшыларының VIIІ Консультативтік кездесуінің қорытындылары болды.

Кездесу барысында өңірлік өзара іс-қимылдың қазіргі үрдістері, саяси диалогты одан әрі нығайту және Орталық Азиядағы көпжақты ынтымақтастықты кеңейту перспективалары жөнінде пікір алмасу өтті.

Талқылау аясында Жандос Шаймарданов өңірдегі заманауи үдерістерге қатысты сарапшылық көзқарасын ұсынып, алты мемлекеттің ортақ ұстанымдарын келісу және бірлескен бастамаларын ілгерілету алаңы ретіндегі консультативтік форматтың маңызы артып келе жатқанын атап өтті.

Пікірталастың бөлек тақырыбы ретінде Орталық Азия мен Еуропалық Одақ арасындағы өзара әрекеттестіктің перспективалары, оның ішінде өзара қызығушылық тудыратын бағыттар бойынша практикалық ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктері талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде ашық сарапшылық диалогты жалғастырудың және тұрақты пікір алмасудың маңыздылығына тоқталды.

Дайджест жаңалықтарына жазылу