Skip to content
Басты бет » Белсенді электорат – сапалы Парламент

Белсенді электорат – сапалы Парламент

ҚР Парламентінің төменгі палатасы Мәжіліске және жергілікті өкілдік орган болып табылатын әр түрлі деңгейдегі маслихаттарға дауыс беру үрдісі аяқталды. Алдын ала нәтиже бойынша 6 саяси партия пайыздық кедергіден өтіп тұр. Егер, дауыс берудің ресми нәтижесі осылай қалатын болса жаңа Қазақстан құруға деген мүмкіндігіміз өсе түседі.

Осы тұрғыдан алғанда Мәжілісте Парламенттік фракциядан парламенттік оппозиция пайда болуы мүмкін. Себебі, көп жылдырдан бері парламентте бір бағыттағы саяси партиялар болғанды. Осы сайлаудың арқасында жаңа саяси  күштер келеді. Сонымен қатар мажоритарлы сайлау жүйесі арқылы сайланған депутаттар да бар. Ол өз кезегінде Мәжіліс жұмысына сапалы өзгерістер алып келуі ықтимал. Ең бастысы саяси жүйедегі саяси күрес пен бәсекелестіктің сапасын арттырмақ.

Саяси рефрмаларадың нәтижесі электоралды мәдениетке өзгеріс алып келді. Мажоритарлы сайлау жүйесінің енгізілуі, «барлығына қарсымын» графасының пайда болуы, пайыздық кедергіні 7%-дан 5%-ға түсіру, саяси партия құруда олардың мүше санын қысқартуы сайлаушылардың мінез-құлқымен мәдениетіне өзгерістер алып келді. Олар сайлаушыларға таңдау мүмкіндігін сыйлады.

Сайлаушылар мәдениетінде жаңа өзгерістер дүниеге келді. Электораттың ұстанымдары да өзгеріске ұшырады. Дауыс берушілердің мінез-құлқында идеологиялық плюрализм пайда болды десек қателеспейміз. Олардың саяси санасында саяси ұстанымдар бағыттары анықталды. Сондықтан болар электораттың дауыс беруі жоғарыдағы нәтиже беріп отыр.

 

Асхат Кеңесов ,

ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ аға сарапшы