Skip to content
Басты бет » Бүгін Астанада ҚСЗИ мен Қазақстандағы Фридрих Эберт Қоры Өкілдігі арасындағы ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланды

Бүгін Астанада ҚСЗИ мен Қазақстандағы Фридрих Эберт Қоры Өкілдігі арасындағы ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланды

2023 жылдың 20 сәуірінде Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтында өткен кездесуде Қазақстандағы Фридрих Эберт Қорының бұрынғы аймақтық директоры Кристоф Мор өзінің орнын басушы Александр Вольтерсті таныстырды.

Қордың бұрынғы аймақтық директоры Кристоф Морға алғыс білдіре отырып, ҚСЗИ директоры Еркін Тұқымов биыл ҚСЗИ-дың құрылғанына 30 жыл толатынын айтты. «Институттың алғашқы күндерінен бастап Эберт қоры біздің сенімді серіктесіміз болды», – деді Е. Тұқымов.

ҚСЗИ басшысы қордың ынтымақтастығы мен ықпалдастығына баса назар аударып, еліміздің тарихындағы қазіргідей бетбұрыс кезеңінде мұндай қолдаудың аса құнды екенін атап өтті.

«Қазіргі уақыт бізден сараптамалық алмасуды, Қазақстанда және одан тыс жерлерде саяси даму динамикасы саласында бірлескен зерттеулер жүргізуді талап етеді. Қор ҚСЗИ-мен сараптамалық ынтымақтастықты жалғастыруға мүдделі», – деді Александр Вольтерс.

Кездесу барысында қос тарап қазақстандық ғалымдардың неміс талдау орталықтарының ғылыми зерттеулеріне қатысуын, сарапшылармен  алмасу мүмкіндіктерін және ынтымақтастықтың басқа да форматтарын талқылады. Сонымен қатар Еркін Тұқымов өзінің германиялық әріптестерін 2023 жылғы 13-14 шілдеде Астана қаласында өтетін «Өзгермелі әлемдегі Азия: болашақтың күн тәртібі» Орталық Азиядағы қауіпсіздік және ынтымақтастық Форумына қатысуға шақырды.