Мұрағат Халықаралық зерттеулер орталығы - ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ИНСТИТУТЫ

ОАМБКК бейресми диалогы Орталық Азиядағы стратегиялық үйлестірудің қосымша құралы ретінде
Алишер Тастенов,

ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ Азиялық зерттеулер бөлімінің бас сарапшысы

Осы аптада Орталық Азия мемлекеттері басшыларының бейресми консультативтік кездесуі өтеді. Бұл кездесу өңір елдері көшбасшылары арасындағы тұрақты саяси диалог тәжірибесінің жалғасы болып, өзара сенім жағдайында ортақ ынтымақтастықтың негізгі мәселелерін талқылауға, сондай-ақ биылғы жылдың күзінде өтетін ОАМБКК қарсаңында ортақ ұстанымдарды келісуге мүмкіндік береді.

Сегіз жыл ішінде Консультативтік кездесулер өңірлік ынтымақтастықтың негізгі саяси тетігіне айналды. 2018 жылы Астанада өткен алғашқы саммиттен бері бұл формат қауіпсіздік, экономика, көлік, су ресурстары, энергетика және гуманитарлық ынтымақтастық мәселелері бойынша стратегиялық шешімдер қабылдаудың басты алаңына айналды.

Дәл осы ОАМБКК аясында қазіргі өңірлік өзара іс-қимылдың саяси-құқықтық негізі қалыптастырылды. Оған «XXI ғасырда Орталық Азияны дамыту мақсатындағы достық, тату көршілік және ынтымақтастық туралы шарт», Орталық Азия мемлекеттерінің көпжақты форматтар шеңберіндегі өзара іс-қимыл тұжырымдамасы, «Орталық Азия – 2040» өңірлік кооперацияны дамыту тұжырымдамасы, Өңірлік қауіпсіздік, тұрақтылық және орнықты даму тұжырымдамасы, сондай-ақ 2026–2028 жылдарға арналған Орталық Азияның қауіпсіздік тәуекелдерінің каталогы кіреді.

2026 жылғы 1 шілдеде Түрікменстан қосылғаннан кейін өңірдің барлық бес мемлекеті «XXI ғасырда Орталық Азияны дамыту мақсатындағы достық, тату көршілік және ынтымақтастық туралы шартқа» қол қою рәсімінің аяқталуы ерекше маңызға ие болды. Бұл қадам Орталық Азиядағы ынтымақтастықтың базалық шарттық-құқықтық архитектурасын іс жүзінде қалыптастыруды аяқтап, неғұрлым терең экономикалық және институционалдық интеграцияға көшуге мүмкіндік ашты.

Дәл бейресми кездесудің өткізілуі көпдеңгейлі саяси диалогтың қалыптасқан тәжірибесін көрсетеді. Мұндай формат мемлекет басшыларына қатаң хаттамалық шектеулерсіз өңірлік күн тәртібіндегі ең өзекті мәселелер бойынша ортақ ұстанымға келуге және жедел әрі стратегиялық сипаттағы мәселелер жөніндегі шешімдер топтамасын әзірлеуге мүмкіндік береді. Халықаралық жағдайдың құбылмалылығы жоғары қазіргі кезеңде мұндай консультациялар өңірдің бірлігін сақтаудың, сондай-ақ қауіпсіздік, көлік байланыстылығы және экономикалық даму мәселелері бойынша келісілген тәсілдерді қалыптастырудың маңызды құралына айналып отыр.

Ынтымақтастықтың экономикалық өлшемі ОАМБКК басты нәтижелерінің бірі болып қала береді. Қазіргі уақытта Орталық Азия елдерінің жиынтық жалпы ішкі өнімі 550 млрд АҚШ долларынан асты, ал соңғы алты жыл ішінде өзара сауда көлемі іс жүзінде екі есеге жуық өсіп, 12 млрд АҚШ долларынан асты.

Бұл ретте Қазақстан өңірішілік саудада жетекші орындардың бірін иеленіп отыр. 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның Орталық Азия елдерімен тауар айналымы 8,7 млрд АҚШ долларына жетті. Өңір мемлекеттері өзара сауда көлемін 20 млрд АҚШ долларына дейін ұлғайтуды стратегиялық мақсат ретінде айқындады.

Сонымен қатар трансшекаралық индустриялық, сауда-логистикалық және өнеркәсіптік орталықтар желісі қарқынды дамып келеді. Қазақстан Қырғызстанмен бірлесіп Индустриялық сауда-логистикалық кешен жобасын іске асыруда, ал Өзбекстанмен бірге «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығын құру жұмыстарын жүргізіп жатыр. 2025–2027 жылдарға арналған өнеркәсіптік кооперацияны дамыту жөніндегі іс-қимыл жоспарын іске асыру жалғасуда, сондай-ақ Әзербайжанды осы үдеріске тарту перспективасын ескере отырып, өнеркәсіптік ынтымақтастықтың келесі кезеңі қалыптастырылуда..

Қазақстанның бастамасымен Орталық Азиядағы электрондық сауданы дамыту туралы келісімнің жобасы әзірленді. Бұл заманауи цифрлық шешімдерді кеңінен енгізуге, электрондық коммерцияны дамытуға және өңірдің бірыңғай цифрлық нарығын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Көлік интеграциясына айрықша назар аударылуда. Басым бағыттар қатарында Орта дәлізді, Қазақстан – Түрікменстан – Иран теміржол дәлізін дамыту, сондай-ақ өңірдің Оңтүстік Азия нарықтарына шығуын қамтамасыз ете алатын Трансауған теміржол жобасын ілгерілету мәселелері сақталып отыр. Қосымша бағыт ретінде Қазақстан Президенті Қ. Тоқаевтың бастамасымен Орталық Азияның көлік жүйесін дамытудың Кешенді стратегиясын әзірлеу қарастырылуда.

ОАМБКК-нің халықаралық маңызының артып келе жатқанының тағы бір дәлелі – 2025 жылғы қарашада Ташкентте өткен жетінші Консультативтік кездесу қорытындысы бойынша Әзербайжанның осы форматқа қосылуы туралы шешімнің қабылдануы болды. Қатысушылар құрамының кеңеюі Орталық Азияның өңірлік саясаттың дербес орталығы және Еуразиялық кооперацияның маңызды буыны ретіндегі рөлінің артып келе жатқанын көрсетеді.

Сообщение ОАМБКК бейресми диалогы Орталық Азиядағы стратегиялық үйлестірудің қосымша құралы ретінде появились сначала на ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ИНСТИТУТЫ.

Қазақстанның Орталық Азия мемлекеттері басшыларының Консультативтік кездесулеріндегі рөлі: Шолпан-Атадағы кездесудің маңызы
Бауыржан Әукен, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ

Азиялық зерттеулер бөлімінің жетекші сарапшысы

Шолпан-Атада өтетін Орталық Азия мемлекеттері басшыларының кезекті бейресми Консультативтік кездесуі аймақтық ынтымақтастықтың жаңа серпін алған кезеңімен тұспа-тұс келіп отыр. Қазіргі таңда формат тұрақты саяси диалог алаңынан практикалық мәселелерді талқылау және ортақ ұстанымдарды үйлестіру тетігіне айналып отыр.

Орталық Азиядағы тұрақтылық пен ынтымақтастықтың нығаюы Қазақстанның экономикалық дамуы мен ұзақ мерзімді мүдделерімен сәйкес келеді. Бұл үрдіс өзара сауда көрсеткіштерінен де айқын көрініс табады. 2025 жылдың қорытындысы бойынша Орталық Азия мемлекеттері арасындағы тауар айналым 12,3 млрд долларды құрады, ал Қазақстанның аймақ елдерімен сауда көлемі 8,8 млрд долларға жетті. Аталған көрсеткіштер Қазақстанның аймақішілік сауда мен экономикалық ықпалдастықтағы маңызды рөлін көрсетеді.

Қазақстан аймақтық ынтымақтастықты Орталық Азияның орнықты дамуын қамтамасыз ететін ұзақ мерзімді бағыт ретінде қарастырады. Бұл ұстаным Қазақстанның ұсынысымен әзірленген Аймақтық кооперацияны дамыту жөніндегі «Орталық Азия – 2040» тұжырымдамасынан көрініс тапты.

Әзербайжанның Консультативтік кездесулер форматына қосылуы Орталық Азияның Каспий аймағымен және Оңтүстік Кавказбен байланысын күшейтіп, ынтымақтастықтың геоэкономикалық ауқымын кеңейтеді. Оның практикалық маңызы Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамытуға байланысты.

Атап айтқанда, Қазақстан мен Әзербайжан осы бағыттың негізгі буындарының бірі болып табылады. Қазақстан арқылы Орталық Азия мен Қытайдан келетін жүктер Ақтау және Құрық порттарына жеткізіліп, одан әрі Әзербайжан арқылы Кавказ, Түркия және Еуропа нарықтарына шығады.

Әзербайжанның форматқа қосылуы Транскаспий бағытын екіжақты жоба шеңберінен кең аймақтық көлік жүйесінің құрамдас бөлігіне айналдырады. Бұл Орталық Азия мемлекеттеріне сыртқы нарықтарға шығу бағыттарын әртараптандыруға, ал Әзербайжанға аймақпен көліктік және сауда байланыстарын кеңейтуге мүмкіндік береді.

Осы тұрғыдан алғанда, Шолпан-Атадағы кездесу аймақтық диалогтың саяси консультациялардан нақты экономикалық және инфрақұрылымдық міндеттерді шешуге бағытталған жаңа кезеңге өтіп келе жатқанын көрсетеді.

Сообщение Қазақстанның Орталық Азия мемлекеттері басшыларының Консультативтік кездесулеріндегі рөлі: Шолпан-Атадағы кездесудің маңызы появились сначала на ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ИНСТИТУТЫ.

Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумы: екіжақты өзара іс-қимылдың бірегей тетігі
Марат Рамазанов, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ
Еуропалық және америкалық зерттеулер бөлімінің бас сарапшысы

2026 жылғы 24-25 шілдеде Омбы қаласында өтетін Қазақстан мен Ресейдің XXII өңіраралық ынтымақтастық форумы биылғы екіжақты күн тәртібіндегі аса маңызды оқиғалардың бірі болып табылады. Оның маңызы мемлекет басшылары мен шекаралас өңірлер басшыларының дәстүрлі кездесуі аясынан әлдеқайда кең.

Форум әлемдік экономикалық архитектураның өзгеруі жағдайында саяси уағдаластықтардың іс жүзінде жүзеге асырылуын қамтамасыз ете отырып, өңіраралық ынтымақтастық стратегиялық серіктестікті іске асырудың дербес тетігіне айналып келе жатқан қазақстандық-ресейлік өзара іс-қимылдың біртіндеп өзгеруін көрсетеді.

Өзінің 23 жылдық тарихында Өңіраралық ынтымақтастық форумы посткеңес кеңістігінде іс жүзінде баламасы жоқ екіжақты өзара іс-қимылдың бірегей тетігіне айналды. Алғашында ол шекаралас аумақтарды дамыту алаңы ретінде қарастырылса, бүгінде саяси диалогты, инвестициялық ынтымақтастықты, өнеркәсіптік кооперацияны, көлік саласын дамытуды, гуманитарлық жобалар мен іскер топтардың өзара іс-қимылын біріктіре отырып, анағұрлым ауқымды міндеттерді атқарады.

Форумның Омбыға қайта оралуы символдық қана емес, тұжырымдамалық сипатқа да ие. Дәл осы жерде 2003 жылы Қазақстан мен Ресей арасындағы заманауи өңіраралық ынтымақтастықтың институционалдық негізі қаланды. Өткен жылдар ішінде бұл формат жоғары саяси деңгейде қабылданатын шешімдерді іс жүзінде жүзеге асыру құралы ретіндегі тиімділігін дәлелдеді.

Классикалық үкіметаралық тетіктерден айырмашылығы, өңіраралық формат билік органдарының, бизнестің, университеттер мен ғылыми орталықтардың тікелей өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді, бұл саяси уағдаластықтарды нақты экономикалық жобаларға әлдеқайда жылдам айналдыруға мүмкіндік береді.

Биылғы форум тақырыбының «Жаһандық логистикалық экожүйені қалыптастыру: Ресей-Қазақстан ынтымақтастығының жаңа көкжиектері» болып таңдалуы әлемдік экономикада болып жатқан сапалық өзгерістерді көрсетеді.

Бүгінде мемлекеттердің бәсекеге қабілеттілігі өндіріс ауқымымен ғана емес, халықаралық қосылған құн тізбектеріне тиімді интеграциялану қабілетімен де айқындалады. Жаһандық көлік ағындары ауқымды өзгергеннен кейін дамыған инфрақұрылымы мен қолайлы географиялық орналасуы бар мемлекеттердің рөлі ерекше арта түсті. Дәл сондықтан көлік пен логистика біртіндеп экономикалық өсудің негізгі факторларының біріне айналуда.

Осы тұрғыда Қазақстан мен Ресейдің объективті артықшылықтары бар. Қазақстан Қытай, Орта Азия, Каспий өңірі мен Еуропа арасындағы табиғи транзиттік көпір ретінде әрекет етсе, Ресей Еуразияның көлік жүйесінің аса маңызды элементі болып қала береді. Халықаралық көлік дәліздерін бірлесіп дамыту, теміржол инфрақұрылымын жаңғырту, логистикалық үдерістерді цифрландыру және шекара маңындағы көлік тораптарын дамыту экономикалық өзара іс-қимылдың жаңа моделінің маңызды элементтеріне айналуда.

Іс жүзінде әңгіме жекелеген көлік жобаларын дамыту туралы емес, көлік инфрақұрылымын, цифрлық платформаларды, өнеркәсіптік кооперацияны, кедендік рәсімдер мен инвестициялық тетіктерді біріктіретін бірыңғай логистикалық экожүйені қалыптастыру туралы болып отыр.

Форумның практикалық маңызы бүгінде қазақстандық-ресейлік экономикалық қатынастардың негізгі серпінін дәл өңірлік деңгей қамтамасыз ететіндігімен айқындалады.

Ресей Қазақстанның ірі сауда-экономикалық серіктестерінің бірі болып қала береді және елдің сыртқы сауда айналымының шамамен бестен бір бөлігін қамтамасыз етеді. 2025 жыл қорытындысы бойынша өзара сауда көлемі 27,4 млрд долларды құрады. Қазақстанда ресейлік қатысуы бар 21 мыңға жуық кәсіпорын жұмыс істейді, ал жинақталған ресейлік инвестициялар 29 млрд доллардан асты. Сонымен қатар жалпы құны 52 млрд доллардан асатын 177 бірлескен инвестициялық жобадан тұратын ауқымды пул қалыптастырылды.

Алайда ынтымақтастық сипатының сапалық өзгеруі де аса маңызды. Бұрын өзара іс-қимылдың негізін дәстүрлі сауда байланыстары құраса, бүгінде бірлескен өндірістер, өнеркәсіптік кәсіпорындарды жергіліктендіру, технологиялық серіктестік және бірыңғай өндірістік тізбектер құру барған сайын маңызды рөл атқаруда. Осы тұрғыдан алғанда, өңіраралық ынтымақтастық өзгермелі сыртқы конъюнктура жағдайында ұлттық экономикалардың орнықтылығын арттыру тетіктерінің біріне айналуда.

Қазақстанның аса белсенді серіктестерінің бірі болып қала беретін Омбы облысы осының жарқын мысалы болып табылады. Қазақстан өңірдің сыртқы сауда айналымының 30%-дан астамын қамтамасыз етеді, ал 2026 жылғы өзара сауданың өсу қарқыны жоғары экономикалық өзара толықтырудың сақталып отырғанын көрсетеді. Омбы облысының Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Ақмола, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарымен, сондай-ақ Алматы қаласымен дамыған байланыстары шекаралас аумақтардың іс жүзінде шаруашылық өзара іс-қимылдың жеткілікті дәрежеде тиімді экожүйесін қалыптастырып отырғанын көрсетеді.

Қазақстан-Ресей қатынастарының қазіргі кезеңінің ерекшелігі жоғары технологиялық секторлардағы ынтымақтастықтың кеңеюі болып табылады. Энергетика дәстүрлі өзара іс-қимыл саласы болып қала береді, алайда бүгінде оның мазмұны айтарлықтай өзгеруде. Мұнай-газ инфрақұрылымын дамытумен қатар атом энергетикасы, мұнай-химия, газ өңдеу және электр энергетикасы салаларындағы жобалар барған сайын маңызды мәнге ие болуда. Ресей тарапының қатысуымен Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясын салу жобасын іске асыру энергетикалық қауіпсіздікке ғана емес, инженерлік құзыреттердің дамуына және өнеркәсіптік жергіліктендіруге де ықпал ететін соңғы жылдардағы ең ірі технологиялық жобалардың біріне айналуы мүмкін.

Цифрландыру тағы бір перспективалы бағытқа айналып жатыр. Қазақстанда 2026 жылдың Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялануы цифрлық логистика, электрондық құжат айналымы, зияткерлік көлік жүйелері, үлкен деректерді талдау және жасанды интеллект технологиялары салаларындағы екіжақты ынтымақтастық мүмкіндіктерін объективті түрде кеңейтеді. Соның нәтижесінде цифрлық трансформация экономикалық өзара іс-қимылдың іс жүзінде барлық бағыттарын қамтитын негізгі элементке айналуда.

Экономикалық күн тәртібінің басымдығына қарамастан, Қазақстан-Ресей қатынастарының орнықтылығы көп жағдайда гуманитарлық байланыстармен де айқындалады.

Екі мемлекеттің ортақ тарихының маңызды беттерін байланыстыратын Омбы облысының Қазақстанның ең ірі білім беру серіктестерінің бірі болып қалуы назар аударарлық. Өңірде 7,7 мыңға жуық қазақстандық студент білім алып жатыр, білім беру ұйымдары арасында 190-ға жуық келісім қолданылады, ал әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филиалының ашылуы соңғы жылдардағы аса маңызды бірлескен жобалардың біріне айналды.

Неғұрлым кең мағынада алғанда, дәл гуманитарлық ынтымақтастық сенім, академиялық ұтқырлық және кәсіби байланыстар кеңістігін қалыптастыра отырып, екіжақты қатынастардың ұзақ мерзімді орнықтылығын қамтамасыз етеді.

Омбы қаласында өтетін XXII өңіраралық ынтымақтастық форумы Қазақстан-Ресей серіктестігінің сапалық эволюциясын көрсетеді. Алдыңғы жылдары өзара іс-қимылдың жекелеген бағыттарын дамытуға негізгі назар аударылса, бүгінде көлік инфрақұрылымын, өнеркәсіп кооперациясын, цифрлық технологияларды, инвестициялар мен гуманитарлық ынтымақтастықты ұштастыруға негізделген өзара байланысты экономикалық модельді қалыптастыру алдыңғы орынға шығып отыр.

Қазіргі екіжақты қатынастар кезеңінің басты ерекшелігі де осында. Өңіраралық ынтымақтастық біртіндеп мемлекетаралық диалогты толықтырушы тетік қана болудан қалып, стратегиялық серіктестікті іске асырудың дербес институтына айналуда.

Әлем экономикасының өзгеруі және халықаралық сауданың аса маңызды кеңістігі ретінде Еуразия рөлінің күшеюі жағдайында мұндай тетіктердің маңызы объективті түрде арта түседі. Сондықтан Омбыдағы форумды кезекті жыл сайынғы іс-шара ретінде ғана емес, ұзақ мерзімді экономикалық орнықтылыққа және өзгермелі халықаралық ортада екі мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының жаңа моделінің қалыптасуының көрінісі ретінде де қарастырған жөн.

Сообщение Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумы: екіжақты өзара іс-қимылдың бірегей тетігі появились сначала на ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ИНСТИТУТЫ.

Үйлестіру – ШЫҰ-ның басты артықшылығы
Қазіргі заманғы қауіп-қатерлер үкіметтердің бірлескен әрекет ету шаралары жөнінде келісімге келуін күтпейді. Есірткі желілері, киберқылмыскерлер, адам саудасымен айналысатын топтар мен экстремистік ұйымдар көптеген институттардың әрекет ету мүмкіндігінен әлдеқайда жылдам өзгеруде. Қажет болған жағдайда мемлекеттер ынтымақтастыққа көбіне баяу келеді. Әсіресе саяси сенім деңгейі төмен немесе шектеулі болған жағдайда. Сондықтан да толық келісім болмаса да, өзара іс-қимыл халықаралық қауіпсіздік саласындағы ең құнды ресурстардың біріне айналды.

2026 жылы Шанхай ынтымақтастық ұйымы өзінің 25 жылдығын атап өтуде және оның тәжірибесі тек терроризмге қарсы күрес тұрғысынан ғана емес, одан да кең ауқымда назар аударуға лайық. ШЫҰ 2001 жылғы маусымда Шанхай қаласында Қытай, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан тарапынан құрылды. Содан бері ол құрамына Үндістан, Пәкістан, Иран және Беларусь кіретін 10 мүше мемлекетті біріктірген ірі еуразиялық ұйымға айналды. Ұйымның кеңеюі оны бір мезгілде алуан түрлі әрі күрделі құрылымға айналдырды.

Оның ерекшелігі – дәл осы күрделілікте жатыр. ШЫҰ-ның шынайы күші оның мүшелерінің әлемге әрдайым бірдей көзқараспен қарайтындығында емес. Олай емес. Олар ауқымы, географиялық орналасуы, саяси дәстүрлері, экономикалық мүдделері және сыртқы саясаттағы басымдықтары жағынан ерекшеленеді. Ұйымның құндылығы басқада: ол әртүрлі көзқарастағы мемлекеттердің ешқайсысы жеке өзі шеше алмайтын мәселелерді бірлесіп шешу үшін күш-жігерін үйлестіре алатын алаң қалыптастырады.

Бұл қазіргі бөлшектенген халықаралық кеңістік үшін маңызды сабақ. Көп жағдайда көпжақты ынтымақтастықтың тиімділігі толық саяси консенсусқа қол жеткізе алуымен бағаланады. Алайда шынайы өмірде мұндай келісім сирек кездеседі. Өзара іс-қимылға қол жеткізу оңайырақ әрі көбіне анағұрлым қажет. Есірткі трафигі бірнеше шекарадан өткенде, заңсыз қаржы ағындары әртүрлі юрисдикциялар арқылы қозғалғанда, ал кибершабуылдар бір елден екінші елдегі нысандарға бағытталғанда, мінсіз саяси үйлесімділікті күту өміршең стратегия бола алмайды.

ШЫҰ бастапқыда қауіпсіздік мәселелеріне, ең алдымен терроризмге, сепаратизмге және экстремизмге қарсы күреске басымдық бере отырып құрылды. Алайда уақыт өте келе оның күн тәртібі едәуір кеңейді. Есірткі саудасына, ұйымдасқан қылмысқа, заңсыз көші-қонға және киберқауіптерге қарсы іс-қимыл өңірлік тұрақтылықты қамтамасыз етудің кең ауқымды түсінігінің бір бөлігіне айналды. Бұл эволюция қарапайым шындықты көрсетеді: қазіргі сын-қатерлер өзара тығыз байланысты. Есірткі саудасы экстремистік қызметті қаржыландыруы мүмкін. Заңсыз көші-қонды қылмыстық делдалдар пайдалана алады. Киберқылмыс алаяқтыққа, адамдарды тартуға, насихат жүргізуге және ақшаны жылыстатуға ықпал етеді. Қауіпсіздік енді жекелеген бағыттардың жиынтығы емес, өзара тоғысқан тәуекелдер жүйесі болып табылады.

Осы тұрғыдан алғанда ШЫҰ-ның құндылығы оның күнделікті жұмысынан көрінеді. Лауазымды тұлғалардың тұрақты кездесулері, ақпарат алмасу арналары, бірлескен оқу-жаттығулар, қауіп-қатерлерді ортақ бағалау және кәсіби байланыстар саммиттердегі ауқымды декларациялардан әсері төмендеу көрінуі мүмкін. Алайда дәл осылар практикалық өзара іс-қимылдың инфрақұрылымын қалыптастырады. Сенім бір сәтте пайда болмайды. Ол тұрақты өзара әрекеттестік, болжамдылық және мәселе туындаған жағдайда шекараның арғы жағында жедел байланысуға болатын адамның бар екенін білу арқылы қалыптасады.

Бұған есірткіге қарсы күн тәртібі жақсы мысал бола алады. 2024 жылы Астанада өткен саммитте қабылданған ШЫҰ-ның 2024–2029 жылдарға арналған Есірткіге қарсы стратегиясы ұйымның дәстүрлі есірткі тасымалы бағыттарына ғана емес, сондай-ақ есірткіні таратудың жаңа тәсілдеріне де ден қоюға ұмтылатынын көрсетеді. 2025 жылы өткізілген «Өрмек» («Web») халықаралық есірткіге қарсы операциясы интернет-ресурстар мен виртуалды төлем жүйелерін есірткі саудасында пайдаланудың жолын кесуге бағытталды. Бұл анағұрлым кең үрдісті көрсетеді: қылмыстық желілер цифрлық кеңістікті барған сайын белсенді игеруде. Сондықтан құқық қорғау органдары жылдамырақ әрі тиімдірек әрекет етіп, заманауи технологиялық мүмкіндіктерді пайдалануы қажет.

Бұл тәжірибе тек Еуразия үшін ғана өзекті емес. Еуропа, Таяу Шығыс, Оңтүстік-Шығыс Азия және Африка көші-қон қысымы, шекараларды басқару проблемалары, қылмыстық желілердің қызметі және цифрлық осалдықтардың өзіндік үйлесімімен бетпе-бет келіп отыр. ШЫҰ моделін басқа өңірлерде механикалық түрде көшіруге болмайды. Институттар тарихтың, географияның және саяси мәдениеттің ықпалымен қалыптасады. Алайда ашық коммуникация арналарының сақталуына, практикалық ынтымақтастықты кең саяси келіспеушіліктерден ажыратуға және консенсус болмаған жағдайда да ортақ тәуекелдерге назар аударуға негізделген тәсіл мұқият зерделеуге лайық.

Бұл тәсіл қауіпсіздік пен гуманитарлық саясат мәселелері тоғысатын тұстарда ерекше маңызға ие. Мысалы, көші-қонды тек қауіп ретінде қарастыруға болмайды. Көптеген адамдар соғыс, кедейлік, климаттық өзгерістер немесе қауіпсіздік іздеу себептерімен қоныс аударады. Сонымен бірге қылмыстық топтар мұндай көші-қон ағындарын өз мақсаттарына пайдаланып, адамдардың осалдығын пайда көзіне айналдырады. Сондықтан жауапты саясат гуманитарлық қағидаттарды контрабандашылар желілеріне, жалған құжаттарға, заңсыз қаржыландыруға және цифрлық вербовкаға қарсы күрестегі неғұрлым тығыз өзара іс-қимылмен ұштастыруы тиіс. Мұндай тепе-теңдікке бір ғана мемлекеттің күшімен қол жеткізу мүмкін емес.

Өзінің 25 жылдығына ШЫҰ мінсіз бірліктің үлгісі ретінде емес, басқарылатын әртүрліліктің үлгісі ретінде келіп отыр. Ұйымға мүше мемлекеттердің бәрінде бірдей пікір болуы міндетті емес, алайда олар барлығына ортақ қауіп-қатерлерге қарсы бірлесіп әрекет ете алады. Мүмкін, ұйымның әлемдік қауымдастыққа жолдайтын басты практикалық үндеуі де осы болар.

Желілік қауіп-қатерлер дәуірінде үйлестіру – техникалық деталь емес, стратегиялық ресурс. Консенсус құптарлық нәрсе болғанымен, ортақ сын-қатерлерге қарсы іс-қимыл жасауда бірлесіп әрекет ету қабілеті таптырмас шарт болып қала береді.

Санат Көшкімбаев,

ҚР Президенті жанындағы

Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының

бас ғылыми қызметкері

Сообщение Үйлестіру – ШЫҰ-ның басты артықшылығы появились сначала на ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ИНСТИТУТЫ.

Түркі әлемі 21 ғасырдың ықпалды геосаяси күш орталықтарының біріне айналуы тиіс
Түркістанда өткен Түркі мемлекеттері ұйымы (ТМҰ) Мемлекет басшылары кеңесінің бейресми саммиті ұйым эволюциясындағы маңызды белес болып, түркі ынтымақтастығының сапалы жаңа деңгейге өткенін көрсетті. Алдыңғы кезеңдерде негізгі назар саяси диалогты нығайтуға, көлік-логистикалық бағыттарды дамытуға және сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге аударылса, Түркістан саммиті іс жүзінде цифрлық технологияларға, жасанды интеллектке және инновациялық экономикаға негізделген интеграцияның жаңа кезеңі басталғанын айқындады.

Саммит тақырыбының – «Жасанды интеллект және цифрлық даму» – таңдалуы мүше мемлекеттердің XXI ғасырдағы жаһандық бәсекелестік барған сайын тек табиғи ресурстар көлемімен немесе экономика ауқымымен ғана емес, сондай-ақ технологиялық даму деңгейімен, цифрлық инфрақұрылым сапасымен және инновацияларды мемлекеттік басқару мен бизнес-процестерге енгізу қабілетімен айқындалатынын түсінетінін көрсетеді. Осы тұрғыда жасанды интеллект жай ғана технологиялық құрал емес, ұлттық бәсекеге қабілеттілік пен орнықты экономикалық өсудің аса маңызды факторына айналып отыр.

Саммитке ерекше символдық мән берген қала – Түркістан. Дәл осы жерде 2021 жылы түркі әлемі көшбасшыларының бейресми саммиті өтіп, оның барысында қала түркі әлемінің рухани астанасы деп жарияланған болатын. Сол кезде түркі мемлекеттерінің одан әрі жақындасуының идеологиялық негізі қаланды. Бүгінде Түркістан түркі өркениетінің тарихи мұрасын оның цифрлық болашағымен ұштастыра отырып, жаңа технологиялық күн тәртібін қалыптастыру алаңына айналуда. Осылайша, мәдени-өркениет ортақтығы технология және инновация ынтымақтастығымен толықтырылатын түркі интеграциясының жаңа тұжырымдамасы қалыптасып келе жатқанын айтуға болады.

Саммиттің басты саяси қорытындысы Түркістан декларациясының қабылдануы болды. Алайда оның мәні дәстүрлі қорытынды құжат шеңберінен әлдеқайда кең. Іс жүзінде декларация жасанды интеллектті, цифрлық экономиканы, инновациялық экожүйелерді және заманауи технологиялық платформаларды дамытуды көздейтін ТМҰ-ның цифрлық стратегиясының негіздерін қалыптастырады. Құжат мүше мемлекеттердің цифрлық трансформацияға ортақ тәсілдер әзірлеуге және қарқынды өзгеріп жатқан жаһандық технологиялық орта жағдайында үйлестіруді күшейтуге ұмтылысын көрсетеді.

Цифрландырудың ТМҰ аясындағы экономикалық интеграцияны тереңдетудің негізгі құралдарының біріне біртіндеп айналып келе жатқаны ерекше назар аударуға тұрарлық. Егер дәстүрлі интеграциялық процестер сауда, көлік және инвестиция төңірегінде құрылса, бүгінде цифрлық платформалар, электрондық құжат айналымы, электрондық рұқсат беру жүйелері, цифрлық сәйкестендіру және деректердің трансшекаралық алмасуы барған сайын үлкен маңызға ие болуда. Бұл түркі мемлекеттерінің бірыңғай цифрлық кеңістігін құру үшін алғышарттардың біртіндеп қалыптасып келе жатқанын көрсетеді.

Жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастықтың жандануы Түркістан саммитіне дейін-ақ басталғаны да айрықша мәнге ие. Соңғы жылдары ТМҰ мемлекеттері цифрлық дамуға инвестицияларды едәуір арттырып, ЖИ енгізудің ұлттық бағдарламаларын әзірледі. Бұл бағыттағы маңызды қадам 2024 жылы Бішкекте өткен Түркі мемлекеттерінің жасанды интеллект жөніндегі алғашқы саммиті болды. Оның өткізілуі өңір елдерінің жасанды интеллектті жеке технологиялық сала ретінде емес, экономиканы жаңғыртудың, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттырудың және өңірлік бәсекеге қабілеттілікті нығайтудың іргелі құралдарының бірі ретінде қарастыратынын көрсетті.

Осы тұрғыда Әзірбайжан тәжірибесі ерекше қызығушылық тудырады. Соңғы жылдары ел цифрлық трансформация саласындағы қызметін едәуір жандандырды. Цифрлық даму жөніндегі кеңестің, Ұлттық жасанды интеллект орталығының және Жасанды интеллект академиясының құрылуы мемлекеттің дамудың инновациялық моделіне көшу үшін институционалдық негіз қалыптастыруға ұмтылысын көрсетеді. 2025 жылы қабылданған Жасанды интеллектті дамыту стратегиясы кадр даярлау, зерттеу әлеуетін дамыту және ЖИ-ді мемлекеттік басқару жүйесіне енгізу саласындағы ұзақ мерзімді басымдықтарды бекітті. Негізінен, әңгіме білімге, деректерге және цифрлық технологияларға негізделген экономикалық өсудің жаңа моделін қалыптастыру туралы болып отыр.

Бүгінде ТМҰ кеңістігіндегі цифрлық трансформацияның негізгі орталықтарының бірі ретінде Қазақстан да маңызды рөл атқарады. «Толық цифрлық мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру, жасанды интеллектті дамыту жөніндегі мамандандырылған мемлекеттік органның құрылуы, Alem.ai орталығының іске қосылуы және KazLLM мен AlemLLM ұлттық тілдік модельдерінің әзірленуі елдің Орталық Азиядағы ЖИ саласында көшбасшы орындарға ие болуға ұмтылатынын көрсетеді. Қазақстанның ТМҰ Цифрлық инновациялар орталығын құру туралы ұсынысы жасанды интеллектті одан әрі дамыту тек ұлттық күш-жігерді ғана емес, сондай-ақ институционалдандырылған халықаралық ынтымақтастықты да талап ететінін түсінудің көрінісі болып табылады.

Цифрлық күн тәртібінің стратегиялық маңызы Орта дәлізді дамыту контекстінде ерекше арта түседі. Қазіргі жағдайда халықаралық көлік бағыттарының тиімділігі тек физикалық инфрақұрылым сапасымен ғана емес, олардың цифрландыру деңгейімен де айқындалады. Электрондық рұқсат беру жүйелерін енгізу, кедендік рәсімдерді автоматтандыру, логистикада жасанды интеллект технологияларын пайдалану және цифрлық платформаларды дамыту транскаспийлік көлік бағыттарының бәсекеге қабілеттілігін айтарлықтай арттыра алады. Осы тұрғыдан алғанда, цифрлық интеграция көлік және сауда интеграциясының маңызды толықтырушысына айналады.

«Цифрлық Жібек жолы» жобасы ерекше рөл атқарады, ол ТМҰ кеңістігін Еуропа мен Азия арасындағы негізгі транзиттік цифрлық дәліздердің біріне айналдыра алады. Әзірбайжан мен Қазақстан арасындағы транскаспийлік талшықты-оптикалық кабельдің іске қосылуы өңірдің цифрлық байланыстылық деңгейін едәуір арттыруға мүмкіндік береді және электрондық сауданы, қаржы технологияларын және трансшекаралық цифрлық сервистерді дамыту үшін қажетті заманауи цифрлық инфрақұрылымды қалыптастыруға негіз жасайды.

Кеңірек контексте Түркістан саммиті Түркі мемлекеттері ұйымының біртіндеп негізінен саяси-мәдени бірлестіктен ұзақ мерзімді экономикалық және технологиялық күн тәртібін қалыптастыра алатын құрылымға трансформацияланып келе жатқанын көрсетті. Жасанды интеллектке, цифрлық технологияларға және инновацияларға басымдық берілуі мүше мемлекеттердің жаңа жаһандық жағдайға бейімделуге және қалыптасып келе жатқан әлемдік цифрлық экономикада лайықты орын алуға ұмтылысын білдіреді.

ТМҰ Хатшылығының институционалдық және цифрлық мүмкіндіктерін кеңейту де маңызды шешім болды. Бұл ұйымның интеграциялық процестерді неғұрлым жүйелі басқаруға және бірлескен жобаларды іске асыру тиімділігін арттыруға көшіп жатқанын көрсетеді. Перспективада бұл цифрлық саясат, киберқауіпсіздік, жасанды интеллект және технологиялық реттеу саласындағы жаңа үйлестіру тетіктерін құруға ықпал етуі мүмкін.

Осылайша, Түркістан саммитін түркі мемлекеттері көшбасшыларының кезекті кездесуі ғана емес, түркі интеграциясының жаңа моделін қалыптастырудағы маңызды кезең ретінде қарастырған жөн. Егер бұрын интеграция негізінен тарих, мәдениет және тіл ортақтығына сүйенсе, бүгінде оның іргетасы барған сайын технологиялар, инновациялар және цифрлық экономика болып қалыптасуда. Сондықтан Түркістандағы саммит тарихқа түркі әлемі дәстүрлі ынтымақтастық моделінен Еуразиядағы экономикалық өсім мен инновациялық дамудың жаңа орталықтарының біріне айнала алатын бірыңғай технологиялық және цифрлық кеңістікті қалыптастыруға көшкен сәт ретінде енуі мүмкін.

Ильяс Гусейнов, саяси ғылымдар бойынша PhD

Экономикалық реформаларды талдау және коммуникация орталығы жанындағы

Түркі әлемін зерттеу орталығының басшысы

Сообщение Түркі әлемі 21 ғасырдың ықпалды геосаяси күш орталықтарының біріне айналуы тиіс появились сначала на ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ИНСТИТУТЫ.

Қазақстан – Орталық Азиядағы ЖИ саласының көшбасшысы
Айнұр Тұқымова,
ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ
Халықаралық қауіпсіздік бөлімінің сарапшысы

Oxford Insights халықаралық талдау компаниясы дайындаған Government AI Readiness Index 2025 қорытындысы бойынша Қазақстан 55,86 балл жинап, әлемдік рейтингте 60-орынға ие болды.

Аталған индекс мемлекеттердің жасанды интеллект технологияларын мемлекеттік басқару жүйесіне енгізу қабілетін ғана емес, сонымен қатар олардың экономикада дамуына қолайлы жағдай қалыптастыру деңгейін де бағалайды. 2025 жылғы зерттеу 195 елді қамтыды. Рейтингтің әлемдік көшбасшылары – АҚШ, Ұлыбритания және Франция.

Қазақстан Орталық Азия елдері арасында 1-орынды иеленіп, Үндістан мен Түркиямен қатар Оңтүстік және Орталық Азия аймағындағы өңірлік көшбасшылардың үштігіне енді.

Үндістан аймақта жасанды интеллектіні пайдалануға дайындық деңгейі бойынша көшбасшылықты сақтап қана қоймай, әлемдік рейтингте де жоғарғы – 21-орынды иеленіп отыр. Елдің соңғы бір жылдағы айтарлықтай ілгерілеуі 2025 жылы жүзеге асырылған кешенді және белсенді шаралармен байланысты. Атап айтқанда, Үндістан жаңа IndiaAI Governance Guidelines құжатын жариялап, технологиялар мен саясат жөніндегі сарапшылар комитеті қолдайтын ЖИ басқару жөніндегі үйлестіру тобын жедел түрде құру міндеттемесін қабылдады. Бұл бастамалардың негізгі қаржылық негізін бес жылға есептелген 1,3 млрд АҚШ доллары көлеміндегі тікелей федералдық инвестициялар құрады.

Түркия әлемдік рейтингте 48-орын алып, өңірдегі екінші көшбасшы мәртебесін сақтап отыр. Елде берік цифрлық және инновациялық база қалыптасқан, сондай-ақ өсу әлеуеті жоғары. Оң қадамдардың бірі ретінде цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект саласына халықаралық мамандарды тартуға арналған арнайы технологиялық визаның енгізілуін атауға болады. TechVisa бағдарламасы үш жылдық жұмыс істеу рұқсатын беруді көздейді және технопарктерде немесе инкубаторларда құрылған компаниялар үшін корпоративтік табыс салығынан, ал қызметкерлер үшін жеке табыс салығынан босату секілді елеулі ынталандыру шараларын ұсынады.

2025 жылы Қазақстан өңірде үшінші орынға көтерілді. Маңызды инфрақұрылымдық жетістік ретінде шілде айында ұлттық суперкомпьютердің іске қосылуын атап өтуге болады. Бұл елдің есептеу қуатын айтарлықтай арттырып, AI-шешімдерін ауқымды түрде енгізу мүмкіндіктерін кеңейтті.

Көршілес Өзбекстан да тұрақты әрі елеулі прогресс көрсетіп келеді. Ел Президенті жақында 2030 жылға дейін жасанды интеллект саласында 5 миллион маман даярлау жөніндегі ауқымды мақсатты жариялады, бұл цифрлық трансформацияның стратегиялық сипатын айқын көрсетеді.

Оңтүстік және Орталық Азия аймағының жаһандық рейтингтегі жалпы ілгерілеуі көп жағдайда, ең алдымен, мемлекеттік секторда жасанды интеллектіні белсенді пайдаланумен байланысты. Бұдан бөлек, аймақ бірнеше жылдан бері электрондық үкіметті дамытуға тұрақты түрде бағыт ұстанып келеді.

Өңір елдерінің рейтингі:
• Өзбекстан – 62-орын (54,69)
• Әзербайжан – 70-орын
• Грузия – 84-орын (43,1)
• Армения – 108-орын (37,17)
• Қырғызстан – 116-орын (33,69)
• Тәжікстан – 135-орын (27,37)
• Түрікменстан – 166-орын (20,75)

Қазақстанның ілгерілеуі жекелеген бағыттармен шектелмей, жүйелі сипатқа ие екені назар аударарлық. 2023 жылы ел осы рейтингте 72-орында болса, екі жыл ішінде 12 сатыға жоғарылап, жиынтық баллын едәуір арттырды.

Сарапшылар Қазақстанның жоғары орнын бірнеше факторлармен байланыстырады. Ең алдымен, цифрлық инфрақұрылымның дамуы және жасанды интеллектіні мемлекеттік қызметтерге белсенді енгізу маңызды рөл атқаруда.

Қосымша қозғаушы күш ретінде Astana Hub базасында қалыптасып келе жатқан инновациялық экожүйені атап өтуге болады. Ол мемлекет, стартаптар және халықаралық технологиялық серіктестер арасындағы өзара іс-қимыл алаңы ретінде қызмет етеді. Мұндай тәсіл жасанды интеллектіні мемлекеттік секторда енгізуге ғана емес, сонымен қатар жеке AI-бастамалардың дамуын ынталандыруға мүмкіндік береді.

Oxford Insights бағалауынша, Қазақстанның жаһандық AI-кеңістіктегі одан әрі ілгерілеуі адами капиталды дамытуға, деректер саласындағы ұлттық саясатты тереңдетуге және жасанды интеллектіні жауапты пайдалану тетіктерін нығайтуға байланысты болады.

Айрықша атап өтетін жайт – Қазақстанда 2026 жыл Жасанды интеллект жылы болып жарияланды. Бұл шешім жекелеген цифрлық бастамалардан мемлекеттік деңгейдегі жүйелі AI-дамуға көшуді білдіреді. ЖИ жылы аясында мемлекеттік қызметтерде жасанды интеллектіні енгізу күшейтіліп, ұлттық AI-инфрақұрылым дамытылып, кадрлар даярлау мен инновациялық жобаларды қолдау кеңейтіледі. Бұл өз кезегінде Қазақстанның жасанды интеллект саласындағы өңірлік көшбасшы ретіндегі позициясын одан әрі нығайтуға тиіс.

Сообщение Қазақстан – Орталық Азиядағы ЖИ саласының көшбасшысы появились сначала на ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ИНСТИТУТЫ.

Бішкектегі ҰҚШҰ саммиті: ұйымның институционалдық дамуы және Қазақстанның стратегиялық басымдықтары
Марат Рамазанов,
ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ
еуропалық және америкалық зерттеулер                                                                                         бөлімінің бас сарапшысы

2025 жылы 27 қарашада Бішкектегі Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының саммиті посткеңестік кеңістіктің аймақтық қауіпсіздік архитектурасындағы маңызды оқиға болып табылады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұжымдық Қауіпсіздік Кеңесінің кезекті сессиясына қатысуы хаттамалық іс-шара ретінде ғана емес, көпжақты тетіктер арқылы Қазақстанның ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ұзақ мерзімді стратегиясын іске асырудың маңызды элементі ретінде қарастырылуы тиіс.

ҰҚШҰ-ның негізін қалаушы мемлекеттердің бірі саналатын Қазақстан Республикасы үшін бұл кездесу геосаяси турбуленттіліктің күшеюі, жаһандық тәртіптің трансформациясы және қауіпсіздікке жаңа дәстүрлі емес қатерлердің пайда болуы жағдайында ерекше маңызға ие. 20-ға жуық мәселені қамтитын ауқымды күн тәртібі ұйымның кемелдігін және оның қазіргі заманның сынықтарына кешенді түрде жауап беруге ұмтылысын көрсетеді.

Алдағы саммиттің негізгі элементтерінің бірі ұйымның нормативтік-құқықтық және тұжырымдамалық базасын жаңарту болмақ. ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік стратегиясының әрекет ету мерзімін ұзарту –  ұжымдық қорғаныс бағытының сабақтастығын және ұзақ мерзімді жоспарлауды қамтамасыз ететін стратегиялық маңызды шешім. Әсіресе бұл дәстүрлі қауіпсіздік модельдері үлкен сынаққа ұшыраған жағдайларда өзекті болып табылады.

Әскери ынтымақтастықты дамыту жоспары, Есірткіге қарсы стратегия және Заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспары сияқты орта мерзімді құжаттардың бекітілуі ҰҚШҰ-ның қауіпсіздік мәселелеріне көпқырлы көзқарасын көрсетеді. Ауғанстаннан келетін есірткі трафигі бағыттарының қиылысында орналасқан және заңсыз көші-қонның қиындықтарымен бетпе-бет келетін Қазақстан үшін бұл құжаттардың тікелей практикалық маңызы бар. Опиын өндірісі шоғырланған өңірлерге географиялық жақын орналасу және көрші елдермен бірлескен шараларды талап ету Есірткіге қарсы стратегияның өзектілігін арттырады.

Заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл жоспары өңірде соңғы жылдары күшейген көші-қон ағындары аясында қосымша өзектілікке ие болуда. Мүше мемлекеттердің осы саладағы келісілген іс-әрекеттері қауіпсіздік мәселелерін шешіп қана қоймай, бақыланбайтын көші-қонмен байланысты әлеуметтік-экономикалық тәуекелдерді азайтуға мүмкіндік береді.

Қазақстан үшін ҰҚШҰ-да шешім қабылдаудың консенсустық сипаты аса маңызды. Ұйымға мүше мемлекеттер арасында экономикалық және әскери әлеуеті әртүрлі елдер болған жағдайда консенсус тетігі әрбір қатысушының ұстанымдары мен мүдделерін ескерудің іргелі кепілі болып табылады. Бұл қағида ұйымның базалық құжаттарында бекітілген және іс жүзінде бұлжытпай орындалады.

Қазақстан үшін бұл механизм ерекше маңызды, өйткені ол елдің ұлттық мүдделеріне қайшы келетін шешімдердің қабылдануына жол бермейді. Тәуелсіздікке, құқықтар мен міндеттердің теңдігіне бұлжалсыз құрмет көрсету негізінде құрылған өзара іс-қимыл ұзақ мерзімді ынтымақтастық үшін берік негіз қалайды. Аймақтағы кейбір басқа құрылымдардан айырмашылығы, онда ірі ойыншылардың мүдделері басым болуы мүмкін, ал ҰҚШҰ егемен мемлекеттердің шынайы әріптестігін көрсетеді.

Бұл аспект Қазақстанның көпвекторлы сыртқы саясаты контекстінде қосымша маңызға ие болады. ҰҚШҰ-ға қатысу барлық сыртқы саяси мәселелер бойынша автоматты ынтымақтастықты білдірмейді — әрбір ел халықаралық істерде өз ұстанымына егемендік құқығын сақтайды, бұл Астананың стратегиялық көзқарастарына толық сәйкес келеді.

Соңғы жылдардағы маңызды трендтердің бірі ҰҚШҰ-ның халықаралық беделін нығайту және беделді халықаралық және өңірлік құрылымдармен сындарлы ынтымақтастық құру болып табылады. БҰҰ және оның институттарымен, Халықаралық Қызыл Крест комитетімен, ТМД Терроризмге қарсы орталығымен (ОАӨАҮО) және басқа да ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау ҰҚШҰ қызметіне жаһандық деңгейде қосымша заңдылық береді.

Дәстүрлі түрде халықаралық құқық пен көпжақты институттардың рөлін нығайтуды жақтайтын Қазақстан үшін ҰҚШҰ-ның қауіпсіздікті жаһандық басқарудың неғұрлым кең жүйесіне кірігуі сөзсіз қызығушылық тудырады. Бұл ұйымды жабық әскери блок ретінде емес, халықаралық қауымдастықпен өзара әрекеттесуге дайын диалогқа ашық құрылым ретінде орналастыруға мүмкіндік береді.

ТМД бас хатшылары Сергей Лебедев пен ШЫҰ бас хатшысы Нұрлан Ермекбаевтың Бішкек саммитіне қатысуы ҰҚШҰ-ның тартымдылығының артып келе жатқанын және әртүрлі аймақтық тетіктер арасындағы үйлестіру әлеуетін білдіреді. Қазақстан барлық үш ұйымның — ҰҚШҰ, ТМД және ШЫҰ-ның белсенді қатысушысы екенін ескере отырып, мұндай үйлестіру өңірлік тұрақтылықты қамтамасыз етудегі күш-жігер синергиясы үшін қосымша мүмкіндіктер ашады.

Шағын құрамдағы келіссөздер аясында халықаралық және өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәселелері бойынша дәстүрлі түрде пікір алмасу жоспарланған. Қазақстан үшін халықаралық терроризм мен экстремизмге, есірткі құралдары мен қару-жарақтың заңсыз айналымына, ұйымдасқан трансұлттық қылмысқа және заңсыз көші-қонға байланысты қауіп-қатерлер басымдыққа ие.

Қазақстанның географиясы, шекараларының ұзындығы мен түрлі өңірлердің тоғысқан жерінде орналасуы оны трансшекаралық қауіп-қатерлердің тұтас спектріне ықтимал осал етеді. Бұл тұрғыда ҰҚШҰ Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне тікелей қатысы бар аумақтық тұтастық пен егемендікті қорғауды қамтамасыз етудің нақты заңды міндетті кепілдіктерін ұсынады.

Қалыптасқан кең нормативтік база және құрылған ұжымдық қауіпсіздік күштері мен құралдары — Ұжымдық жедел ден қою күштері (ҰЖДК) — дағдарыстық жағдайларға ден қоюдың тиімді құралы. Бұл ретте аталған тетіктерді пайдалану тек барлық мүше мемлекеттердің консенсусы негізінде және қауіп-қатерге тап болған елдің сұранысы бойынша ғана мүмкін болатынын атап өту маңызды.

Қазақстан үшін Ресей төрағалығының 2026 жылға арналған күн тәртібі барлық қатысушылардың мүдделерін ескеруі және ынтымақтастықтың практикалық аспектілеріне назар аударуы маңызды.

Ұжымдық Қауіпсіздік Кеңесінің қорытынды декларациясына қол қою саммиттің басты саяси нәтижесі болады. Құжат мүше мемлекеттердің ҰҚШҰ қызметін жетілдіру бағытына бейілділігін және бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған жан-жақты диалогты қолдауға дайындығын растайды деп күтілуде.

Қазақстан үшін декларацияның өңірлік және жаһандық сын-қатерлерге теңгерімді көзқарасты көрсетуі, ұйымның қорғаныс сипатын және оның халықаралық ынтымақтастыққа ашықтығын атап көрсетуі маңызды. Диалог пен қайшылықтарды реттеудің дипломатиялық әдістеріне баса назар аудару Қазақстанның сыртқы саяси философиясына толық сәйкес келеді.

ҰҚШҰ-ға қатысу Қазақстан Республикасының қауіпсіздік саласындағы сыртқы саясатының маңызды, бірақ жалғыз бағыты. Ел «Бейбітшілік үшін әріптестік» бағдарламасы шеңберінде НАТО-мен әріптестікті, ШЫҰ-ға белсенді қатысуды, Орталық Азия үшін стратегия шеңберінде ЕО-мен ынтымақтастықты және негізгі ойыншылармен екіжақты қарым-қатынасты қамтитын көпвекторлы стратегияны дәйекті түрде іске асыруда.

ҰҚШҰ осы координаттар жүйесінде нақты функцияны орындайды – жақын көршілермен аймақтық қауіпсіздік мәселелері бойынша ұжымдық қорғаныс пен үйлестірудің формальды тетіктерін қамтамасыз етеді. Бұл ынтымақтастықтың басқа форматтарына балама емес, қазақстандық дипломатияның арсеналындағы қосымша құрал.

ҰҚШҰ қызметі ұйымның жарғысында және базалық құжаттарында нақты жазылған барлық мүше мемлекеттермен келісілген мақсаттар мен міндеттерге қатаң сәйкес жүзеге асырылатынын атап өту маңызды. Бұл ҰҚШҰ-ны Қазақстан мүдделеріне сай келмейтін мақсаттарда пайдалануды болдырмайды және ішкі істерге араласпау қағидатының сақталуына кепілдік береді.

Алдағы уақытта Бішкекте өтетін ҰҚШҰ саммиті ұйымның өміршеңдігі мен эволюциялық дамуын көрсетеді. Қазақстан үшін ұжымдық қауіпсіздіктің осы тетігіне қатысу елдің ұлттық мүдделері мен ұзақ мерзімді стратегиялық құжаттарына сәйкес келетін стратегиялық ақталған таңдау болып қала береді.

Прагматикалық тәсіл негізгі болып қала береді: сыртқы саясаттың басқа бағыттарында ойнау еркіндігін сақтай отырып, ұйымға қатысудан барынша пайда алу. Астана дәйекті түрде жүзеге асырып отырған мұндай стратегия қауіпсіздік саласындағы өңірлік ынтымақтастықты Қазақстан Республикасының неғұрлым кең геосаяси мүдделерімен тиімді ұштастыруға мүмкіндік береді.

Сообщение Бішкектегі ҰҚШҰ саммиті: ұйымның институционалдық дамуы және Қазақстанның стратегиялық басымдықтары появились сначала на ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ИНСТИТУТЫ.

Қазақстан мен Өзбекстанның Орталық Азияның ынтымақтастығын нығайтудағы рөлі
Қазақстан мен Өзбекстан тәуелсіздік алған алғашқы жылдардан бастап Орталық Азиядағы өңірлік серіктестік мен өзара сенімнің негізін қалаған мемлекеттер болып табылады. Екі елдің бастамалары мен саяси ерік-жігері арқасында аймақ елдері арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі архитектурасы қалыптасты. Бүгінде Қазақстан мен Өзбекстанның серіктестігі бүкіл өңірдің тұрақтылығы мен дамуының тірегіне айналып отыр.

16 қараша күні Ташкентте өтетін Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VII консультативтік кездесуі – осы ынтымақтастықтың жаңа кезеңін айқындайтын маңызды басқосу болмақ.

Соңғы жылдары қос мемлекет арасындағы серіктестік сапалық тұрғыда жаңа деңгейге көтерілді. 2022 жылдың желтоқсанында Президенттер Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев қол қойған Одақтастық қатынастар туралы шарт екі елдің достыққа, өзара сенім мен тең серіктестікке негізделген байланыстарын одан әрі нығайтты. Бұл құжат саясаттан экономикаға, мәдениеттен экология мен инновацияға дейінгі кең ауқымды бағыттарды қамтитын ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың берік іргетасын қалады.

Экономикалық әріптестік те айтарлықтай серпін алды. 2024 жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы сауда айналымы 4 миллиард АҚШ долларынан асып, 2030 жылға қарай оны 10 миллиард долларға дейін ұлғайту көзделіп отыр. Бірлескен өндіріс орындарын ашу, шекара маңындағы инфрақұрылымды дамыту және көлік дәліздерін тиімді пайдалану бағытындағы бірлескен бастамалар өңірлік байланыстарды күшейтіп, экономикалық өзара тәуелділікті арттыруда.

2018 жылы Астанада өткен алғашқы консультативтік кездесуден бері аталмыш формат өңір елдерінің басын қосып, сенім мен өзара түсіністікке негізделген тұрақты диалог алаңына айналды. Осы уақытқа дейін өткен алты кездесудің әрқайсысы аймақтық үйлесімді арттырып, ынтымақтастықтың нақты бағыттарын айқындады. 2024 жылғы Астанада қабылданған «Орталық Азия – 2040» тұжырымдамасы мен 2025–2027 жылдарға арналған «Жол картасы» аймақтың көлік, энергетика, цифрлық даму және экология салаларындағы болашақ ортақ стратегиясын бекітті.

Алдағы Ташкентте өтетін ба қосу осы құжаттардың жүзеге асуына серпін беріп, аймақтық ынтымақтастықты жаңа деңгейге шығарады деп күтілуде. Қазақстан мен Өзбекстанның үйлесімді серіктестігі – Орталық Азиядағы бейбітшілік пен тұрақтылықтың басты кепілі. Екі елдің ортақ мақсат жолындағы табанды қадамы өңірдің болашағын айқындайтын, өзара сенім мен берік ынтымаққа негізделген жаңа дәуірдің бастауы болып табылады.

Бауыржан Әукен,

ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ

Азиялық зерттеулер бөлімінің жетекші сарапшысы

Сообщение Қазақстан мен Өзбекстанның Орталық Азияның ынтымақтастығын нығайтудағы рөлі появились сначала на ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ИНСТИТУТЫ.

Қазақстан мен Өзбекстан: Орталық Азияны нығайту жолындағы одақтастар және серіктестер
2025 жылғы 14–15 қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің Өзбекстанға мемлекеттік сапары өтуде. Сапар қарсаңында ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ-дің Азия зерттеулері бөлімінің бас сарапшысы Болат Әуелбаев Қазақстан – Өзбекстан қатынастарына шолу дайындады.

Қазақстан мен Өзбекстан – Орталық Азиядағы мемлекетаралық қатынастар мен жалпы өңірлік дамудың негізгі күн тәртібін айқындайтын ірі мемлекеттер. Бұл күн тәртібіне қауіпсіздік, экономика және сауда, энергетикалық және су ресурстарын бөлу, инновациялық технологияларды енгізу, қоршаған ортаны сақтау, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық сияқты негізгі бағыттар кіреді.

Республикалар арасында кең ауқымды халықаралық-құқықтық база қалыптасқан, сондай-ақ жоғары және ең жоғары деңгейлерде өте тығыз әрі белсенді өзара іс-қимыл орнаған. Отыз жыл ішінде олардың қарым-қатынасы дипломатиялық қатынастар орнатудан бастап 2022 жылғы желтоқсанда қол қойылған одақтастық жөніндегі шартқа дейінгі деңгейге жетті.

Үкіметтік құрылымдар арасында, сондай-ақ қоғамдық ұйымдар, азаматтық институттар мен бизнес қауымдастықтары арасындағы байланыстар қарқынды жүріп жатыр, сындарлы диалог жүргізілуде, прагматикалық келісімдер жасалуда. Мәселен, Қазақстан Өзбекстанның сыртқы саудасындағы үшінші ірі серіктес, оның тауар айналымындағы үлесі 8,9%-ды құрайды.

Мұның бәрі өзара сенімді нығайтуға, келісілген шешімдер әзірлеуге және екіжақты байланыстарды жүйелі дамытуға деген ортақ ұмтылысты көрсетеді. Қазақстан көшбасшысының Ташкентке сапары қол жеткізілген нәтижелерді қорытындылап қана қоймай, қарым-қатынастардың сапасын арттыруға бағытталған жаңа мақсаттар қояды.

Оңтүстіктегі көрші ел Қазақстанның бидайын, ұнын, металл және мұнай өнімдерін жоғары бағалайды. Ал қазақстандықтар өзбек автокөліктерін, жеміс-көкөністерін, тоқыма бұйымдарын және басқа да тауарларын жақсы сатып алады. Екі республиканың кәсіпкерлері өзара инвестициялық қызметті белсенді түрде кеңейтіп келеді.

Қазақстан – Өзбекстан ынтымақтастығының нәтижесінде тек өңірлік деңгейдегі емес, сонымен қатар Орталық Азиядан тыс жерлердегі процестердің тұрақтылығы мен даму динамикасы да айтарлықтай дәрежеде айқындалады. Ынтымақтаса әрекет ету және нәтижелілікке деген өзара ұмтылыс елдерге өңірлік және халықаралық дамудың тиімді тетіктері мен бағыттарын іздеуге бағытталған мазмұнды дискурс жүргізуге мүмкіндік береді.

Тараптар аймақтандыру үдерісіне зор күш жұмсап отыр. Ресурстарды, экономикалардың ауқымын және демографиялық әлеуетті ескере отырып, екі мемлекет берік орталықазиялық қаңқа қалыптастырып, өңірдегі барлық қатысушылардың өзара мүдделерін ескере отырып, экономикалық кооперацияның локомотивтері болып табылады.

Осыған байланысты өңірлік өзара іс-қимылда айтарлықтай ілгерілеу байқалады. Бес республиканың мемлекет басшыларының консультативтік кездесулері жыл сайын өткізіледі, бұл жақсы дәстүрге айналып, жалпы тұрақты дамуға оң әсер етуде. 2018 жылы осы диалог алаңының қалыптасуынан бері бүгінгі уақытқа дейін аймақ елдерінің орташа жылдық экономикалық өсім қарқыны 6,2%-ды құрады. Бұл – әлемдік көрсеткіштерден үш есе жоғары.

Астанада өткен Орталық Азия мемлекет басшыларының саммитінде «Орталық Азия — 2040» өңірлік кооперацияны дамыту стратегиясы қабылданды. Оның басымдықтары бесжақты ынтымақтастықты тереңдетуге және өңірдің халықаралық субъектілігін күшейтуге бағытталған.

Сонымен қатар көрші республикалар көшбасшыларының саяси еркі және Қазақстан мен Өзбекстан президенттерінің белсенді қолдауының арқасында соңғы жылдары мемлекеттік шекараның бүкіл бойын делимитациялау мәселелері шешілді. Бұл фактор өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және трансшекаралық байланыстар мен қатынастарды жандандыруға айтарлықтай ықпал етті.

Қазіргі уақытта өңірлік кеңістікті неғұрлым егжей-тегжейлі құрылымдау процесі жүріп жатыр. Екіжақты тауар айналымы да, өңірлік сауда да артып келеді, инфрақұрылымдық және индустриялық жобаларды іске асыруға өзара қызығушылық күшеюде, өңір елдерінің әрқайсысында әлеуметтік-экономикалық өмір сапасын жақсартуға жағдай жасалуда, өңірдің халықаралық саясат пен экономикадағы рөлі артып келеді.

«С5+1» форматына деген қызығушылық айтарлықтай артты. Бұл алаңда дамыған экономикасы бар әлемдік державалар мен ықпалды саяси одақтар өңірмен өзара байланыстар орната бастаса, республикалар бұл ұмтылыстарға бірлескен түрде жауап беріп келеді. Осы тұрғыдан алғанда, өңірлендірудің жаңа циклі прагматизм, өзара тиімді есеп және икемді тәсілдер контекстінде қалыптасуда.

Осылайша Астана мен Ташкенттің екіжақты және өңірлік ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған күш-жігері ұзақ мерзімді перспективаға негізделген. Мұндай тәсіл бүкіл Орталық Азия өңірінде жоғары тиімді қауіпсіздік деңгейіне қол жеткізуге, тығыз экономикалық кооперацияны қалыптастыруға және мәдени-гуманитарлық тұтастықты нығайтуға мүмкіндік береді.

Сообщение Қазақстан мен Өзбекстан: Орталық Азияны нығайту жолындағы одақтастар және серіктестер появились сначала на ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ИНСТИТУТЫ.

Орталық Азия мемлекеттері басшыларының консультативтік кездесуі – аймақтық ынтымақтастық пен өзара сенімнің тірек тетігі ретінде
Орталық Азия мемлекеттері басшыларының консультативтік кездесуінің 7-ші отырысы 16 қараша күні Ташкент қаласында өтеді. Осы жылдар ішінде бұл формат өзін қауіпсіздік, тұрақты даму және экономикалық интеграция мәселелері бойынша өңірлік өзара байланыстың негізгі тетіктерінің бірі ретінде танытты. Бұл су және энергия ресурстарынан бастап экстремизм мен климаттың өзгеруіне қарсы күреске дейінгі трансшекаралық мәселелерді шешудің ортақ тәсілдерін әзірлеуге ықпал етті.

Алдағы отырыста көлік байланысы, азық-түлік қауіпсіздігі және экономиканы цифрландыру мәселелеріне ерекше назар аударылады деп күтілуде.

Орталық Азия мемлекеттері басшыларының 6-шы консультативтік кездесуі барысында бесжақты ынтымақтастықты кеңейтуге және өңірдің халықаралық субъектілігін нығайтуға бағытталған «Орталық Азия-2040» өңірлік ынтымақтастықты дамыту стратегиясы қабылданды. Өңірлік кооперация дамудың барлық салаларындағы ішкі өңірлік ынтымақтастықты нығайтуды көздейді.

Орталық Азия мемлекеттері басшыларының 7-ші консультативтік кездесуі аясында ауыл шаруашылығы, көлік, сауда, инвестициялар және мәдениет министрлерінің кездесулері, сондай-ақ Орталық Азия мен Әзербайжан елдерінің «Great Silk Road Business Cooperation Forum» іскерлік форумы өтеді.

Өзінің нәтижелі қызметі барысында Орталық Азия мемлекеттері басшыларының консультативтік кездесуі өңірлік ортақ ұстанымды қалыптастырудың маңызды құралына айналды. Орталық Азия мемлекеттері арасындағы өзара іс-қимыл жаңа сапалық деңгейге көтерілгенин айта кеткен жөн. Бұған мемлекет басшыларының кездесулері мен өзара сауда көлемінің арту қарқыны айқын дәлел.

Осылайша, 2024 жылы Қазақстан мен Орталық Азия елдері арасындағы тауар айналымы 7,6 млрд АҚШ долларына жетті. Бұл ретте Қазақстан мен Орталық Азия елдері арасындағы саудада қосылған құны жоғары өнімдердің үлесі артып келеді.

Еуразиялық даму банкі деректеріне сәйкес, 2024 жылы өңірдің халық саны 82 миллионға жетті. Бұл 2000 жылмен салыстырғанда 40%-ға көп. Халық саны жыл сайын 2%-бен өсуді жалғастыруда. 2024 жылы Орталық Азия елдерінің жалпы ЖІӨ-сі 519 миллиард АҚШ долларын құрады. Соңғы 20 жыл ішінде орташа алғанда ол нақты көрсеткішпен жыл сайын 6,2%-ға өскен, бұл әлем бойынша және дамушы елдермен салыстырғанда жоғары көрсеткіш. 2000 жылдан бері сыртқы сауда айналымы шамамен 9 есе өскен.

Сонымен қатар «С5+1» форматындағы сыртқы ынтымақтастық айтарлықтай өсті. Тек 2025 жылдың өзінде ОА-ЕО, ОА-Қытай, ОА-Ресей, ОА-АҚШ саммиттері өтті. Дипломатиялық күн тәртібінің мұндай қанықтығы қарым-қатынастың жаңа архитектурасының қалыптасып келе жатқанын көрсетеді. Бұл, негізінен, сыртқы ойыншылардың ықпал ету үшін бәсекелесуіне емес, Орталық Азия елдерінің теңгерімді және көпвекторлы серіктестік жүйесін қалыптастыруға деген мақсатты ұмтылысын басты негіз ретінде қарастырады.

Алишер Тастенов,

ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ

Азиялық зерттеулер бөлімінің бас сарапшысы

Сообщение Орталық Азия мемлекеттері басшыларының консультативтік кездесуі – аймақтық ынтымақтастық пен өзара сенімнің тірек тетігі ретінде появились сначала на ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ИНСТИТУТЫ.