Бүгін дауыс беру күні. Сайлау учаскелері негізделіп дайындалғандары сезіледі, адам саны көп. Кезек өте жылдам жылжыды, барлық процеске 10 минуттай уақытым кетті.
Үйімнің жанында бірнеше учаске барына қарамастан, алдын ала тексеріп алуды жөн көрдім. Бұл артық қозғалыстан құтылуға көмектеседі. Сол себепті сіздерге де қай сайлау учаскесіне бекітілгеніңізді алдын ала тексеруге кеңес беремін.
Сайлау өткізудің барлық ережелерін сақтау қоғамдық бақылауды талап етеді. Бұл тұрғыда бақылаушылардың жұмысын атап өту маңызды. Барлық өркениетті құқықтық мемлекеттердегідей сайлау учаскелерінде қадағалаушылар, оның ішінде халықаралық ұйымдардың қадағалаушылары қатысуда.
Қателеспесем, ҚР ОСК хабарламалары бойынша сайлауды 641 халықаралық бақылаушы бақылайды. Оның ішінде 532 бақылаушы 10 халықаралық ұйымнан және 109 бақылаушы 35 шетел мемлекеттерінен бақылауды жүзеге асырады.
Барлық қадағалаушы-ұйымдардың аккредитациясы бар екенін атап өту қажет. Ол аталған қоғамдық ұйымдар өз бақылаушыларына (қандай құқықтары мен міндеттері бар, не істеуге болады/ не істеуге болмайды, бұзушылықтар анықталған жағдайда сол актілер қалай толтырылатыны жайлы) тиісті оқыту жүргізгенін білдіреді.
Өз бақылауларының қорытындысы бойынша олар сайлау өткізудің легитимділігін жариялайды деп ойлаймын.
Айдар Құрмашев,
ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ
Халықаралық зерттеулер бөлімінің басшысы