28 қарашада Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтында Эстония Республикасының Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер вице-министрі Йонатан Всевьов бастаған делегациямен кездесу өтті.
Кездесу барысында қонақтар ҚСЗИ қызметінің негізгі бағыттарымен танысты. Тараптар халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелерге тоқталып, өзара қызығушылық тудыратын салаларда Қазақстан-Эстония қатынастарын одан әрі дамыту жөнінде пікір алмасты.
Эстония Республикасының Қазақстандағы елшісі Тоомас Тирт институтпен одан әрі ынтымақтастыққа қызығушылық танытты. Эстония делегациясының өкілдері ҚСЗИ-дың 30 жылдығымен құттықтап, think tank-тың жаһандық контекстегі заманауи үрдістері мен мәселелерді талдаудағы маңызын атап өтті.

