Skip to content
Басты бет » Ғылым мен жаңарудың академияға оралуы

Ғылым мен жаңарудың академияға оралуы

Бүгінгі таңда еліміз мемлекеттік биліктің барлық институттарын толығымен қайта құрылымдау және Әділетті Қазақстанды институционализациялауды рәсімдей отырып, саяси реформалардың басым бөлігін аяқтаған кезеңде Мемлекет басшысы жаңғырту мен ілгерілеу бағытын жалғастыруға шешім қабылдап отыр.

Бүгінгі таңда ғылым «пробиркалар мен жабдықтармен қоршалған ақ халатты ғалымдар» туралы шаблондық идеядан әлдеқайда ауқымды дүние. Ғылым – бұл адам ойының әдеттегі бағытын кеңейтіп, әлеуметтік даму парадигмаларын толығымен өзгерту арқылы болашақтың бейнесін жасайды. Сондықтан да қазақстандық ғылымдағы жүйелі түйткілдерді шешуге бет бұру біздің еліміз үшін өте маңызды мәселе.

Ғылыми зерттеулерге бюджет қаражатын еселеп ұлғайту (ЖІӨ-нің 0,12%-дан 1%-ға дейін), жыл сайынғы ғылыми жобаларды гранттық қаржыландыруға конкурстар өткізу (бұрын 3 жылда 1 рет), «ұзын» гранттар жасау, ҰҒК мүшелеріне қойылатын талаптарды нормаға келтіру және оларды ротациялау, өтінімдерді іріктеу рәсімдерін жетілдіру – бұл үкімет соңғы жылдары осы саладағы жасаған жұмысы. Көбінесе бұл қадамдардың әрқайсысы оларды жүзеге асыруда айтарлықтай күш пен саяси ерік-жігерді талап етті. Бірақ нақты осы шаралар  қазақстандық қоғамға ғылыми қызметтің құндылығының оралғандығы туралы айтуға мүмкіндік берді. Бұл елдегі ғалымдардың орташа жалақысы екі есе өсуі және еліміздегі ғылыми кадрлардың жартысынан жуығын құрайтын жастардың  өз болашағын ғылыммен байланыстыруы.

Осылайша Қазақстандағы ғылымды жүйелі реформалаудың маңызды құрамдас бөлігі Ұлттық Ғылым академиясының реформасы болды. Енді Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы ұйым мәртебесіне ие бола отырып, ҰҒА өзінің терең трансформациялану кезеңін бастайды. Бұл кезең ҰҒА-ның бұрынғы Президентінің жиырма жылдық басқару кезеңінің аяқталуымен және жаңа Президенттің тағайындалуымен басталды. ҚР ҰҒА-ның жаңа көшбасшысы – Күнсұлу Закария – Қазақстанда вирусологияның білім саласы ретінде қалыптасуына зор үлес қосқан еліміздің білікті ғылыми қайраткерлерінің бірі. Профессор Закария коронавирусқа қарсы QazVac қазақстандық вакцинасын әзірлеушілердің бірі. Вакцина миллиондаған адамдардың өмірін сақтап, Қазақстанды өз вакцинасын жасаған он елдің біріне айналдырды.

Бұл ҚР ҰҒА жаңа президенті болашақтың іргелі сын-қатерлерін ескере отырып, жаңа мәртебеге, мүмкіндіктер мен өкілеттіктерге ие болған академияны қоғам дамуының нақты драйверіне айналдыра алатынына сенімділік береді. Әрине, бұл оңай міндет емес және ұйымды қайта құрылымдауды талап етеді.  Бірақ  Мемлекет басшысының қолдауы мен ғалымдардың реформаға сұранысы жаңартылған ҰҒА дамудың жаңа кезеңіне бастама болатын маңызды актив болады.

Мирас ЖИЕНБАЕВ, 

ҚСЗИ жетекші сарапшысы