Skip to content
Басты бет » Ғылыми прогресстен – экономикалық өсуге

Ғылыми прогресстен – экономикалық өсуге

Қазақстан ғылымның айқындаушы мағынаға ие трансформация деңгейінде тұр. Ғылыми әлеуетті нығайту мәселелеріне назар аудару соңғы жылдары мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының біріне айналды. Енді ғылымды қаржыландыруды 3,5 есеге – 643 млрд теңгеге дейін ұлғайту жоспарлануда.

Сонымен қатар, ҚР жоғары білімді мен ғылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы іске асырылуда. Өзгерістер ғылыми прогресске қол жеткізу, ұлттық адами капиталымызды нығайту және оның елдің технологиялық дамуына қосқан үлесі арқылы қазақстандық қоғамды дамытуға бағытталған.

Айта кететін жайт, бүгінгі таңда жаһандық экономикада экономикалық өсу мен еларалық табыс теңсіздігі деңгейіндегі айырмашылық көбінесе технологиялық айырмашылықтарға байланысты. Мысалы, өнімділіктің жиынтық факторының бірдей көрсеткіші детерминанттардың бірі ретінде технологиялық өзгерістерді қолдануға бағытталған.

Өз кезегінде, технологиялық өзгерістер ғылыми әлеует есебінен қалыптасады. Ал технологиялық өзгерістер халықаралық еңбек бөлінісі жүйесінде ұлттық құзыреттілікті қалыптастырады. Осылайша, Үндістан ғылымды ілгерілетуді көздейтін реформаларды жүргізгенге дейін, яғни 1980 жылдарға дейін, әлемдегі ірі бағдарламалық қамтамасыз ету провайдерінің мәртебесінен әлдеқайда алыс болды. Бір кездері ғылымға инвестиция салудан экономикалық пайда тапқан дамушы елдер – «Азия жолбарыстары» және Ирландияны мысал ретінде келтіруге болады.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі Ұлттық кеңестің бірінші отырысын өткізуді тек ғылыми қоғамдастық үшін ғана емес, тұтастай алғанда бүкіл қазақстандық қоғам үшін айтулы күн ретінде қарастырған жөн.

Мұндай консультативтік-кеңесші орган Мемлекет басшысы мен ғылыми топтар арасында коммуникациялық арна қалыптастырады. Бұдан басқа, ғылыми-техникалық қызмет саласындағы саясатты әзірлеу арқылы ұлттық экономиканың ұзақ мерзімді өсуі үшін негіз құрылады. Кейіннен экономикалық өсуге бағытталған терең өзгерістерді күту керек.

Әрине, жақын арадағы ең маңызды міндет – ғылым мен экономиканы, әсіресе оның өнеркәсіптік секторларымен біріктіру болады. Жаңа буын кәсіпкерлері мен басқарушыларының алдында тұрған сансыз бюрократиялық және өзге де кедергілерді алып тастау мәселелерін шешу қажет, олардың ғылыми білімдерінің бағыты технологиялық өзгерістердің экономикалық үдерістерге әсерін ескере отырып, жаңа идеяларды қалыптастыруға бағытталуы тиіс.

Бекжан САДЫҚОВ,

ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ

Жаһандық экономика және тұрақты даму бөлімінің басшысы