Skip to content
Басты бет » Институт басшысы Түрікменстанның елшісімен кездесті

Институт басшысы Түрікменстанның елшісімен кездесті

2022 жылдың 11 қарашасында Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты қабырғасында директор Еркін Тұқымов пен Түрікменстанның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Батыр Реджеповтің кездесуі өтті.

Тараптар екіжақты және көпжақты негізде диалогты нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

ҚСЗИ директоры Е.Тұқымов аймақтың бес мемлекеті арасындағы ынтымақтастықты жаңа деңгейге шығаратын жаңа тәсілдерді тауып, практикалық шешімдер қабылдау қажеттілігіне тоқталды.

Бұл орайда Орталық Азия елдерінің талдау орталықтарына ерекше рөл беріледі. Тараптар қос ел арасындағы сараптамалық құрылымдардың байланыстарын бірлескен іс-шараларға қатысу арқылы нығайтуға уағдаласты.