Бүгін, 5 маусымда еліміздің көптеген азаматтары өздерінің конституциялық құқықтарын іске асыру үшін Ата заңымызға түзетулер енгізу бойынша жалпыхалықтық дауыс беруге қатысуда. Бүгінгі референдум маңызды тарихи оқиға. Себебі бұған дейін соңғы референдум Қазақстанда 1995 жылы өткізілген болатын.
Қазіргі референдумда Конституцияның 33 бабына 56 түзету енгізілді. Инновациялар ауқымды сипатқа ие және елдің қоғамдық өміріндегі елеулі өзгерістерді болжайды. Түзетулер мемлекеттік құрылымның нысанын өзгертуге, билік тармақтарындағы өкілеттіктерді бөлуге, жаңа саяси және азаматтық институттарды енгізуге бағытталған.
Қазіргі референдумның бірнеше жағымды сәттерін атап өтуге болады.
Біріншіден, халықтың түрлі топтарының қызығушылығы жоғары. 11 млн-нан астам қазақстандық дауыс беру тізіміне енгізіліп, ұсынылған өзгерістерге өз көзқарасын білдіруге мүмкіндік алды. Сайлаушылар саны да аз емес. Сонымен қатар, коммерциялық емес ұйымдардың, қоғамдық қорлардың өкілдері бақылаушы ретінде қатысып жатқаны белгілі.
Екіншіден, референдумға қатысу – бұл азаматтарды жаңа саяси мәдениетке баулу, өзінің азаматтық жауапкершілігін сезінуге үйрету. Референдум әрбір қазақстандыққа ел тағдырын шешуге тікелей қатысуға мүмкіндік береді.
Үшінші, ең бастысы, біздің азаматтарымыздың сайлау учаскелеріндегі белсенділігі– қазақстандық қоғамның топтасуының көрсеткіші. Бүгін жалпыхалықтық дауыс беруге келген қазақстандықтар өздерінің бірлігі мен тұтастығын көрсетті.
Анна Альшанская,
ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ жетекші ғылыми қызметкері