Skip to content
Басты бет » Қазақстан мен Корея арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Қазақстан мен Корея арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды

ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директоры Еркін Тұқымов және Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чжо Тэ-ик мырза Қазақстан мен Корея Республикасының мемлекетаралық ынтымақтастығы мәселелерін талқылады.

Қос ел арасындағы қатынастар стратегиялық әріптестік сипатына ие. Олар экономикалық, саяси және мәдени салаларда қарқынды дамып келеді.

ҚСЗИ директоры Корея Республикасы Қазақстанның Азиядағы екінші ірі сауда серіктесі және ірі инвесторлардың бірі екенін атап өтті. «Қазақстан Оңтүстік Кореямен жан-жақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға мүдделі. Біз үшін бірнеше онжылдықта әлемнің жетекші экономикаларының біріне айналған елдің жаңғырту тәжірибесі маңызды», – деді Еркін Тұқымов.

Кездесу барысында қатысушылар Қазақстан мен Кореяның сараптамалық қауымдастықтары арасындағы қарым-қатынасты дамыту ниетін білдіріп, алдағы бірлескен іс-шараларды талқылады.