Skip to content
Басты бет » Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты Әкімшлік бөлімінің басшысының орынбасары бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты Әкімшлік бөлімінің басшысының орынбасары бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

«Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты» РММ, Астана қ., Бейбiтшiлiк к., 4, анықтама телефоны: +7 (7172) 75-23-55, E-mail: office@kisi.kz бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:

1. Әкімшлік бөлімінің басшысының орынбасары,  А2-1-1 санаты

Функционалдық міндеттері: жаңа қызметкерлердін тағылымдаманы және адаптацияны өтуді ұйымдастырады; еңбек нарығының мониторингі мен талдауын жүзеге асырады; мотивация жүйесін, корпоративтік мәдениетті дамытуды қалыптастырады; білім беру қызметтері нарығына тұрақты талдау жүргізеді; еңбек тәртібін нығайту, кадрлар айналымын төмендету жөніндегі іс-шараларды әзірлейді; кеңсе жұмысын ұйымдастырады; келіп түскен және жөнелтілетін хат-хабарлардың уақтылы өңделуін, оның мақсаты бойынша жеткізілуін бақылайды; құжаттардың орындалу мерзімдерін және олардың дұрыс ресімделуін бақылайды; құжаттарды тіркеу, есепке алу, сақтау, қалыптастыру және мұрағатқа сақтауға беру жөніндегі жұмысты бақылайды; жоғары тұрған органдардың нұсқаулық құжаттары негізінде институттың іс қағаздарын жүргізу жөніндегі нұсқаулықтарды әзірлейді және оларды енгізуді ұйымдастырады.

Лауазымдық жалақысы:

СанатыЕңбек сіңірген жылдарына байланысты
minmax
А2-1-1604 704, 79737 257, 83

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салалардағы жұмыс өтілі кемінде 4 жыл.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: Конкурс өткізу туралы ҚСЗИ ресми сайтында хабарландыру соңғы жарияланған келесі жұмыс күнінен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде.

Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:

1) Қоса беріліп отырған құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

3) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

5) № 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

6) соңғы жұмыс орнынан сипаттамасы.

7) жеке куәліктің дербес деректерді ұсыну.

Конкурсқа қатысушы оның біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіптік даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру туралы құжаттардың, ғылыми жарияланымдардың, сондай-ақ алдыңғы жұмыс орнынан басшылықтың ұсынымдарының көшірмелері және т.б.) ұсына алады.

Әңгімелесу өтетін орны: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 4.

Құжаттар қолма-қол немесе пошта байланыс арқылы мына мекенжай бойынша қабылданады: Астана қ., Бейбітшілік к-сі, 4, 502 каб., телефон: +7 (7172) 75-23-55.