Skip to content
Басты бет » Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты Бухгалтерлік есеп, есептілік, жоспарлау және мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас экономисті бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты Бухгалтерлік есеп, есептілік, жоспарлау және мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас экономисті бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды

«Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты» РММ, Астана қ., Бейбiтшiлiк к., 4, анықтама телефоны: +7 (7172) 75-23-55, E-mail: office@kisi.kz бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:

1. Бухгалтерлік есеп, есептілік, жоспарлау және мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас экономист,  А2-1-1 санаты

Функционалдық міндеттері: Институттың экономикалық қызметін ұйымдастыру және жетілдіру; мемлекеттік органдар, Институт басшылығы үшін экономикалық, статистикалық есептілікті жасау жөніндегі жұмыс; Институт қызметінің экономикалық көрсеткіштерін жоспарлауды жетілдіру, олардың негізділігінің жоғары деңгейіне қол жеткізу, жоспарлауды, тауарлық-материалдық құндылықтарды, айналым қаражатын жұмсау нормаларын және негізгі құралдарды пайдалануды жақсарту жөніндегі жұмыс; институттың шаруашылық қызметінің барлық учаскелерінде материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын үнемдеу режимінің сақталуын қамтамасыз ету; өндірісті ұйымдастыруды жетілдіру жөніндегі жұмысқа қатысу, Еңбек өнімділігі мен тиімділігін арттыруға, Институттың шаруашылық дербестігі мен экономикалық жауапкершілігін нығайтуға бағытталған ұсыныстар дайындау; экономикалық қызмет нәтижелері туралы есептіліктің жоғары тұрған органдарға уақтылы ұсынылуын бақылау.

Лауазымдық жалақысы:

СанатыЕңбек сіңірген жылдарына байланысты
minmax
А2-1-1707 257862 289

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және басшы лауазымдардағы экономикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: Конкурс өткізу туралы ҚСЗИ ресми сайтында хабарландыру соңғы жарияланған келесі жұмыс күнінен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде.

Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:

1) Қоса беріліп отырған құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

3) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

5) № 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

6) соңғы жұмыс орнынан сипаттамасы.

7) жеке куәліктің дербес деректерді ұсыну.

Конкурсқа қатысушы оның біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіптік даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру туралы құжаттардың, ғылыми жарияланымдардың, сондай-ақ алдыңғы жұмыс орнынан басшылықтың ұсынымдарының көшірмелері және т.б.) ұсына алады.

Әңгімелесу өтетін орны: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 4.

Құжаттар қолма-қол немесе пошта байланыс арқылы мына мекенжай бойынша қабылданады: Астана қ., Бейбітшілік к-сі, 4, 520 каб., телефон: +7 (7172) 75-30-59.