«Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты» РММ, Астана қ., Бейбiтшiлiк к., 4, анықтама телефоны: +7 (7172) 75 30 59, E-mail: office@kisi.kz бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:
1. Дерекқорлармен жұмыс жөніндегі бөлімінің бас сарапшы, В1-2 санаты
Функционалдық міндеттері: Институт жұмысында мәліметтер базасының, деректерді сақтау жүйелерінің және AI технологияларының архитектурасын әзірлеу; институт жұмысындағы ai деректер базасының, деректерді сақтау жүйелері мен технологияларының өнімділігіне, сенімділігіне және қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды анықтау; Big Data әзірлеу және AI қолдану үшін қолайлы дерекқорды басқару жүйелерін (ДҚБЖ), деректерді сақтау жүйелерін және платформаларды таңдау; институтта AI қолдану архитектурасы мен логикалық және физикалық деректер базасының моделін жобалау; масштабтау және жоғары өнімділік үшін дерекқор архитектурасын, сақтау жүйелерін оңтайландыру; дерекқор архитектурасын, деректерді сақтау жүйелерін және Big Data іске асыру үшін дерекқор әзірлеушілерімен, дерекқор әкімшілерімен және AI сарапшыларымен ынтымақтастық институттың басқа құрылымдық бөлімшелерімен дерекқорды пайдалану, Big Data және ai қолдану мәселелерінде өзара әрекеттесуді қамтамасыз ету; Big Data және AI қолдануды қоса алғанда, институтта деректерді жинау, сақтау, өңдеу және пайдалану жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындау.
Лауазымдық жалақысы:
Санаты | Еңбек сіңірген жылдарына байланысты | |
min | max | |
В1-2 | 557 599 | 672 624 |
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Тиісті мамандық бойынша жоғары білім және жұмыс өтілі кемінде 10 жыл; немесе «магистр» академиялық дәрежесі болған кезде жұмыс өтілі кемінде 5 жыл; немесе ғылыми еңбектері немесе өнертабыстарға авторлық куәліктері немесе ғылым докторы немесе ғылым кандидаты немесе PhD ғылыми дәрежесі болған кезде, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: Конкурс өткізу туралы ҚСЗИ ресми сайтында хабарландыру соңғы жарияланған келесі жұмыс күнінен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде.
Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:
1) Қоса беріліп отырған құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
3) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
5) № 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
6) соңғы жұмыс орнынан сипаттамасы.
Сонымен қатар, жеке куәліктің дербес деректерді ұсыну.
Конкурсқа қатысушы оның біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіптік даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру туралы құжаттардың, ғылыми жарияланымдардың, сондай-ақ алдыңғы жұмыс орнынан басшылықтың ұсынымдарының көшірмелері және т.б.) ұсына алады.
Әңгімелесу өтетін орны: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 4.
Құжаттар қолма-қол немесе пошта байланыс арқылы мына мекенжай бойынша қабылданады: Астана қ., Бейбітшілік к-сі, 4, 502 каб., телефон: +7 (7172) 75-23-55.