«Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты» РММ, Астана қ., Бейбiтшiлiк к., 4, анықтама телефоны: +7 (7172) 75 30 59, E-mail: office@kisi.kz бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:
1. Дерекқорлармен жұмыс жөніндегі бөлімінің басшысы, А2-1 санаты
Функционалдық міндеттері: Институттың мәліметтер базасына, Big Data, жасанды интеллект (AI) қажеттіліктерін талдау және тиісті жобаларды әзірлеу; институттың дерекқорларын, Big Data сақтау жүйелерін, сондай-ақ AI модельдерін құруды, өзгертуді және жаңартуды ұйымдастыру және бақылау; институттың дерекқорларында, Big Data сақтау жүйелерінде, сондай-ақ AI модельдерінде сақталатын деректердің қауіпсіздігін, тұтастығын және дұрыстығын қамтамасыз ету; пайдаланушылардың мәліметтер базасына, Big Data сақтау жүйелеріне, сондай-ақ AI модельдеріне белгіленген ережелер мен процедураларға сәйкес қол жеткізуін ұйымдастыру және бақылау; институттың деректер базасында, Big Data деректерді сақтау жүйелерінде, сондай-ақ AI модельдерінде қамтылған деректерді өңдеу, талдау және ұсыну әдістері мен құралдарын әзірлеу және енгізу; Big Data, AI қолдануды қоса алғанда, институтта деректерді жинау, сақтау, өңдеу және пайдалану жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындау; институттың мәліметтер базасы, Big Data және жасанды интеллект (AI) бөлімінің жұмысын басқару; деректер базасын, Big Data сақтау жүйелерін дамыту стратегиясын әзірлеу және институтта AI қолдану.
Лауазымдық жалақысы:
Санаты | Еңбек сіңірген жылдарына байланысты | |
min | max | |
А2-1 | 639 760 | 777 790 |
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім, ғылым докторы немесе кандидаты ғылыми дәрежесі, ғылыми еңбектерінің болуы, ғылыми және ұйымдастырушылық жұмыс тәжірибесі кемінде 5 жыл, немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: Конкурс өткізу туралы ҚСЗИ ресми сайтында хабарландыру соңғы жарияланған келесі жұмыс күнінен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде.
Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:
1) Қоса беріліп отырған құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
3) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
5) № 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
6) соңғы жұмыс орнынан сипаттамасы.
Сонымен қатар, жеке куәліктің дербес деректерді ұсыну.
Конкурсқа қатысушы оның біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіптік даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру туралы құжаттардың, ғылыми жарияланымдардың, сондай-ақ алдыңғы жұмыс орнынан басшылықтың ұсынымдарының көшірмелері және т.б.) ұсына алады.
Әңгімелесу өтетін орны: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 4.
Құжаттар қолма-қол немесе пошта байланыс арқылы мына мекенжай бойынша қабылданады: Астана қ., Бейбітшілік к-сі, 4, 502 каб., телефон: +7 (7172) 75-23-55.