Skip to content
Басты бет » Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты Халықаралық қауіпсіздік бөлімінің сарапшысы бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты Халықаралық қауіпсіздік бөлімінің сарапшысы бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

«Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты» РММ, Астана қ., Бейбiтшiлiк к., 4, телефоны: +7 (7172) 57-21-06 (ішкі 221),

E-mail: office@kisi.kz бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:

1. Халықаралық қауіпсіздік бөлімінің сарапшысы, В1-5 санаты

Функционалдық міндеттері: Бөлімінің қызметі бағыты бойынша қолданбалы сипаттағы ғылыми-талдамалық зерттеулер жүргізу, оның ішінде талдамалық жазбалар, ғылыми мақалалар, сондай-ақ ақпараттық жарияланымдар дайындау. Институтта бөлімінің тақырыбы бойынша ғылыми-практикалық конференциялар мен басқа да сараптамалық іс-шараларды, сондай-ақ Институт және бөлім басшылығының жұмыс кездесулерін дайындауға және өткізуге қатысу. Республикалық және халықаралық сараптамалық іс-шараларға қатысу, қызметкерлердің біліктілігін арттыру және ғылыми кадрларды даярлау жөніндегі іс-шараларға қатысу.

Лауазымдық жалақысы:

СанатыЕңбек сіңірген жылдарына байланысты
minmax
В1-5548 380,48661 131, 60

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Тиісті мамандық бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білім.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: Конкурс өткізу туралы ҚСЗИ ресми сайтында хабарландыру соңғы жарияланған келесі жұмыс күнінен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде.

Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:

1) Қоса беріліп отырған құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

3) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

5) № 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

6) соңғы жұмыс орнынан сипаттама;

7) жеке куәліктің дербес деректерді ұсыну.

Конкурсқа қатысушы оның біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіптік даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру туралы құжаттардың, ғылыми жарияланымдардың, сондай-ақ алдыңғы жұмыс орнынан басшылық тарапынан  мінездеме көшірмелері және т.б.) ұсына алады.

Әңгімелесу өтетін орны: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 4.

Құжаттар қолма-қол немесе пошта байланыс арқылы мына мекенжай бойынша қабылданады: Астана қ., Бейбітшілік к-сі, 4, 502 каб., телефон: +7 (7172) 57-21-06 (ішкі 221).