«Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты» РММ, Астана қ., Бейбiтшiлiк к., 4, анықтама телефоны: +7 (7172) 75-30-59, E-mail: office@kisi.kz бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:
1. Кеңесші, В1-4 санаты
Функционалдық міндеттері: Директордың республикалық комиссиялардың жұмысына, форумдарға, кеңестерге, конференцияларға және басқа да отандық және шетелдік іс-шараларға қатысуының ұйымдастырушылық мәселелерімен айналысады; оларды ұйымдастырушылармен келісуді, тиісті материалдарды дайындауды жүргізеді, директордың кестесін орындау бойынша жұмысты үйлестіреді; Институт қызметінің жекелеген жедел және перспективалық мәселелері бойынша анықтамалық ақпарат пен материалдар дайындайды; ғылыми орталықтардың, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың отандық және шетелдік өкілдерінің атына хаттар мен құттықтау сөздердің жобаларын дайындайды; практикалық халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру және жүзеге асыру мақсатында Институттың сыртқы байланыстарын үйлестіруді қамтамасыз етеді; шетелдік елшіліктермен және халықаралық ұйымдардың өкілдіктерімен жұмыс байланыстарын қолдайды.
Лауазымдық жалақысы:
Санаты | Еңбек сіңірген жылдарына байланысты | |
min | max | |
В1-4 | 563 756 | 680 350 |
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: «Халықаралық қатынастар», «Саясаттану», «Мемлекеттік саясат», «Мемлекеттік басқару», «Аймақтану», «Әлеуметтік ғылымдар», «Философия», «Тарих», «Мәдениеттану» мамандықтары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім. Басқарушылық лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл, ғылыми және ұйымдастырушылық жұмыс тәжірибесі кемінде 3 жыл.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: Конкурс өткізу туралы ҚСЗИ ресми сайтында хабарландыру соңғы жарияланған келесі жұмыс күнінен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде.
Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:
1) Қоса беріліп отырған құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
3) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
5) № 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
6) соңғы жұмыс орнынан сипаттамасы.
7) жеке куәліктің дербес деректерді ұсыну.
Конкурсқа қатысушы оның біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіптік даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру туралы құжаттардың, ғылыми жарияланымдардың, сондай-ақ алдыңғы жұмыс орнынан басшылықтың ұсынымдарының көшірмелері және т.б.) ұсына алады.
Әңгімелесу өтетін орны: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 4.
Құжаттар қолма-қол немесе пошта байланыс арқылы мына мекенжай бойынша қабылданады: Астана қ., Бейбітшілік к-сі, 4, 520 каб., телефон: +7 (7172) 75-30-59.