«Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты» РММ, Астана қ., Бейбiтшiлiк к., 4, анықтама телефоны: +7 (7172) 75-23-55, E-mail: office@kisi.kz бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:
1. Қоғамдық пікірді зерттеу бөлімінің аға сарапшысы, В1-4 санаты
Функционалдық міндеттері: Әлеуметтанулық және өзге де зерттеулер қорытындылары бойынша аналитикалық материалдарды, әлеуметтанулық құралдарды дайындауға қатысу; бөлім қызметінің бағыттары бойынша ғылыми-практикалық конференцияларды, дөңгелек үстелдерді, сараптамалық кездесулерді және өзге де іс-шараларды дайындауға және өткізуге қатысу; мемлекеттік органдардың зерттеулерін әдіснамалық сүйемелдеу бойынша жұмысқа қатысу; республикалық және халықаралық ғылыми форумдарға қатысу; БАҚ-та сөз сөйлеу.
Лауазымдық жалақысы:
Санаты | Еңбек сіңірген жылдарына байланысты | |
min | max | |
В1-4 | 482 011 | 581 699 |
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жоғары білім және жұмыс өтілі кемінде 5 жыл; немесе «Магистр» академиялық дәрежесі болған кезде лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі кемінде 3 жыл; немесе ғылыми еңбектері және өнертабыстарға авторлық куәліктері болған кезде және PhD ғылыми дәрежесі болған жағдайда жұмыс өтіліне талап қойылмайды.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: Конкурс өткізу туралы ҚСЗИ ресми сайтында хабарландырудың соңғы жарияланғаннан кейінгі келесі жұмыс күнінен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде.
Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:
1) Қоса беріліп отырған құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
3) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
5) № 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
6) соңғы жұмыс орнынан сипаттама.
Сонымен қатар, жеке куәлікте көрсетілген дербес деректерді ұсыну.
Конкурсқа қатысушы оның біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіптік даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру туралы құжаттардың, ғылыми жарияланымдардың, сондай-ақ алдыңғы жұмыс орнынан басшылық тарапынан мінездеме көшірмелері және т.б.) ұсына алады.
Әңгімелесу өтетін орны: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 4.
Құжаттар қолма-қол немесе пошта байланыс арқылы мына мекенжай бойынша қабылданады: Астана қ., Бейбітшілік к-сі, 4, 502 каб., телефон: +7 (7172) 75-23-55.