Skip to content
Басты бет » Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты Қоғамдық пікірді зерттеу бөлімінің бас сарапшысы бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты Қоғамдық пікірді зерттеу бөлімінің бас сарапшысы бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

«Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты» РММ, Астана қ., Бейбiтшiлiк к., 4, анықтама телефоны: +7 (7172) 75-30-59, E-mail: office@kisi.kz бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:

1. Қоғамдық пікірді зерттеу бөлімінің бас сарапшысы, В1-2 санаты

Функционалдық міндеттері: Әлеуметтанулық және өзге де зерттеулер қорытындылары бойынша аналитикалық материалдарды, әлеуметтанулық құралдарды дайындауға қатысу; бөлім қызметінің бағыттары бойынша ғылыми-практикалық конференцияларды, дөңгелек үстелдерді, сараптамалық кездесулерді және өзге де іс-шараларды дайындауға және өткізуге қатысу; бөлімнің ғылыми-зерттеу қызметінің жаңа бағыттарын әзірлеуге қатысу, оларды іске асыру әдістері мен құралдарын, олардың нәтижелерін қолдану аясын ұсыну; заңдардың, тұжырымдамалардың, нормативтік-құқықтық, бағдарламалық және әдістемелік құжаттардың, болжамдар мен ұсыныстардың жобаларын сараптауға қатысу; мемлекеттік органдардың зерттеулерін әдіснамалық сүйемелдеу бойынша жұмысқа қатысу; республикалық және халықаралық ғылыми форумдарға қатысу; БАҚ-та сөз сөйлеу.

Лауазымдық жалақысы:

СанатыЕңбек сіңірген жылдарына байланысты
minmax
В1-2652 162, 76786 695, 36

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және жұмыс өтілі кемінде 10 жыл; немесе «Магистр» академиялық дәрежесі болған кезде жұмыс өтілі кемінде 5 жыл; ғылым докторы немесе ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі немесе PhD ғылыми дәрежесі болған жағдайда, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: Конкурс өткізу туралы ҚСЗИ ресми сайтында хабарландырудың соңғы жарияланғаннан кейінгі келесі жұмыс күнінен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде.

Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:

1) Қоса беріліп отырған құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

3) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

5) № 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

6) соңғы жұмыс орнынан сипаттама;

7) жеке куәлікте көрсетілген дербес деректерді ұсыну.

Конкурсқа қатысушы оның біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіптік даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру туралы құжаттардың, ғылыми жарияланымдардың, сондай-ақ алдыңғы жұмыс орнынан басшылық тарапынан  мінездеме көшірмелері және т.б.) ұсына алады.

Әңгімелесу өтетін орны: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 4.

Құжаттар қолма-қол немесе пошта байланыс арқылы мына мекенжай бойынша қабылданады: Астана қ., Бейбітшілік к-сі, 4, 502 каб., телефон: +7 (7172) 75-30-59.